“Жолдасымның қазасын спектакльге екі сағат қалғанда естідім": Лидия Кәденова өміріндегі қиын сәттер туралы айтты

25.06.2023, 20:02
8303
“Жолдасымның қазасын спектакльге екі сағат қалғанда естідім": Лидия Кәденова өміріндегі қиын сәттер туралы айтты видеодан алынған кадр

Талантты театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова жеке өмірі, шығармашылығындағы қиын кезеңдер мен қуанышты сәттерін оқырманмен бөлісті. Актрисаның драмаға толы өмірі жайлы сұқбат "Егемен Қазақстан" басылымында жарияланды.

Сұқбат кезінде журналист актрисаның сүйіктісі өмірден өткен сәтте рөл сомдаған кезін еске салды.

"Ол қаралы күні ре­пертуарда "Келіндер көтерілі­сі» комедиясы болатын. Өзі өте ұзақ қойылым. Жолдасымның қаза­­сын спектакльге екі сағат қалған­да ес­тідім. Бірақ менің қолым­нан не келеді? Не істерімді білмей дәр­менсіз күйде Талғат Теменовке қоңырау шалдым: "Билет саты­лып кетті, ауыстыра қоятын да адам жоқ. Енді не істейсің? Жинал!", - деді", - деп сол кезді есіне алды Лидия Кәденова.

Актриса сол күні спектакльді аяғы­на дейін ойнап шықққанын атап өтті. Бұл жағдайды ол тағдырдың сынағы деп қабылдайтынын айтты.

"Қасымдағыларға: "Мен ойнап болғанша біреуің кел­мең­дер қасыма" деп грим бөлмемді тарс жауып алдым. Ойнап шық­қаннан кейін ғана есік ашық дедім. Сырттай күліп, сахнада би­леп жүргеніммен ішім алай-дүлей болып жатқан еді. Бірақ амал қанша, бұл өмір ғой. Ондай жағдайлар болады. Хадиша Бө­кеева апаларымның басынан да мұн­дай жағдай өткен. Ол кезде біреулер әдейі телеграмманы әкеліп берген деп еститінбіз. Мені де тағдыр сынаған екен. Сынбай көтеруге тырысып бақтым. Оңай болмады", - деп жауап берді актриса.

Лидия Кәденова қандай жағдай боламасын сахнада әртіс ештеңені білдірмей көрермен алдындағы міндетін орындауы тиіс деп санайтынын тілге тиек етті.

"Мәселен, өзің өліп қалып, сахнаға шыға алмай қалсаң, онда себебін түсіндіруге болады. Ал мынадай жағдайда не деп айтады? Оған көрермен кінәлі емес. Сондықтан ештеңені біл­дірмей ойнап шығуға тура келеді. Әртіссің бе, демек ол – сенің мін­детің", - деді сұқбатында актриса. 

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды