"Әкелік құқығынан айыру үшін құжат жинадым": Айгүл Иманбаева кезінде ұлын әкесімен араластырмауға тырысқанын еске алды

20.06.2023, 21:24
11807
"Әкелік құқығынан айыру үшін құжат жинадым": Айгүл Иманбаева кезінде ұлын әкесімен араластырмауға тырысқанын еске алды smartnews.kz

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева отбасылық құпиясын бөлісті. Өнер иесі бір кездері ұлын әкесімен араластырмауға тырысқаны жайлы "Өмірдің өзі" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Асылжан Әбдімүтәлиев (Иманбаеваның ұлы - ред.) әншіден "Бала әкесін іздегенде анасы ренжиді ме? Сол қызғаныш сезімін қалай басуға болады? Аналарға қандай кеңес айтар едіңіз", - деп сұрады. Ал әнші ұлын әкесімен араластырғысы келмеген кезді еске алды.

"Маған әкем мен шешемнің және туған інімнің өмірі өз баламды әкесінен айырмауыма сабақ болды. Әйтпесе, мендегі реніштермен ұлымды әкесімен араластырмай, әкелік құқығынан айыру үшін құжат жинаған кезім болған. Сондай қадамға барғам.

Сол кезде туған інім бір жағдайға тап болып, әкесін өмірі араласпаған әкесіне барған кезде, мұны өзім үшін сабақ деп қабылдадым. Баланы әкеден айыруға болмайды деген маған келген белгі.

Екіншіден, анам қызғанышын білдіріп, араласқанымды іштей қаламай, әкемнің тек жаман қасиетін айтқаны маған сабақ болды. Сондықтан барыншы балама әкесін жамандамауға тырыстым. Есімде, қатты ұрысқанда "Әкең осындай" деп екі-үш рет айтқаным есімде. Бірақ, дәл анам маған кезінде айтқандай қателік жасадым деп ойламаймын. Барынша ұлымды қызғанған жоқпын.

Себебі ұлымның атасы мен әжесін әлі күнге сыйлаймын. Керісінше, тамырын байлауға тырыстым. Мен әкем мен шешемнің тағдырын қайталадым ғой. Сол ұлыма өтпесін дедім. Бір жерлерде қателік жіберіп, өтіп кеткенін білемін. Бірақ, сол тамыр қуалап кетпесе екен, балам қазір шешіп алса екен деп, әкем мен шешем жіберген қателікті  жасамауға тырыстым", - деді Айгүл Иманбаева. 

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды