«Алтынай тәте жақтырмайды»: Айгүл Иманбаева ұлын әкесінің үйінен жылап келетін кезін еске алды

21.06.2023, 20:43
1210
«Алтынай тәте жақтырмайды»: Айгүл Иманбаева ұлын әкесінің үйінен жылап келетін кезін еске алды aigul_imanbayeva_official_fan

Отандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева көпшілікке отбасы жайлы ел білмейтін құпиясын бөлісті.

"Өмірдің өзі" бағдарламасында ұлы Асылжанның әкесінің үйінен жылап келетін кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш бағдарламаны Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан Әбдімүтәлиев жүргізеді.

"Мен әкем мен шешемнің тағдырын қайталадым ғой. Сол ұлыма өтпесін дедім. Бір жерлерде қателік жіберіп, өтіп кеткенін білемін. Бірақ, сол тамыр қуалап кетпесе екен, балам қазір шешіп алса екен деп, әкем мен шешем жіберген қателікті жасамауға тырыстым. Қызғанбауға тырыстым. Әкеңмен араласқаныңды қаладым. Қайта-қайта жіберіп тұрдым. Кезінде сен қанша қаламағанмен де, Алтынай (Жорабаева - ред.) мен Сәбит (Әбдіхалықов - ред.) бірге тұрып жүргенде жібердім. Бала кезде "Алтынай тәте жақтырмайды" деп барғың келмей жылап келетінсің.

Сонда да әкеңе сені жақындата беруім - менің жеңісім сияқты көрінеді.  Өйткені, менің жүрегім тыныш, балам әкесіз емес. Қанша жерден екеуі екі бөлек кетсін, үйленсін, күйеуге тисін, мәселе онда емес. Мәселе, сол әке мен шешенің кіндігінен шыққан баланың психикасын бұзбай, дер кезінде тоқтатып, дер кезінде екеуімен де араласуында. Санаң, ақылың, өрең жетіп тұрғаннан кейін, осы нәрсеге тыныш жағдайда қарау керек. Аралассын, неге араласпайды? Неге бармайды? Неге көмектеспейді? Басқа анадан туған бауырларын тартпайды? Мұның барлығы мен үшін қалыпты, өзінше әдемі картина", - деді Айгүл Иманбаева.

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды