Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашқан ұлы табылды

04.07.2023, 09:07
716
Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашқан ұлы табылды коллаж

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткеннен бір күннен соң табылды. Бұл туралы smartnews.kz хабарлайды.

Кеше депутаттың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткені туралы алғаш боп заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде хабарлаған болатын. Кейіннен хабардың растығын Қорғаныс министрлігі жеткізді.

Ал Министрліктің бүгінгі хабарлауы мынадай:

"2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б. орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ қазір аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр деген ақпарат берілді.

Еске сала кетсек, ақпанда Тұрлыхановтың ұлы адвокат Анна Чернова мен Олег Черновты соққыға жыққан еді. Адвокаттар жас жігіттің құрбысын ұрып-соққанын көріп, қызға араша түспек болды.

Кейіннен бұл жағдайға қатысты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлының төбелеске қатысқанын растап, жағдайға араласпайтынын, ұлының заң алдында толық жауап беретінін айтқан болатын.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды