"Қос қолдап құптаймын": Досымжан Таңатаров көп әйел алатындарды заң жүзінде қолдау керектігін айтты

30.06.2023, 20:41
531
"Қос қолдап құптаймын": Досымжан Таңатаров көп әйел алатындарды заң жүзінде қолдау керектігін айтты видеодан алынған кадр

Отандық әнші Досымжан Таңатаров тоқал алатын ер адамға қолдау көрсету керектігін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген өнер иесі екінші әйел алған азаматты қос қолдап құптайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Сіз көп әйел алатындарды заң жүзінде қолдау керек депсіз. Бұл сіздің сөзіңіз бе?", - деп сұрады.

Ал әнші жоғарыда айтылған сөзді өзі айтқанын және бұл ойына әйелдердің қарсы болатынын айтты.

"Әрине. Қазақ әйелдері 20 миллион халықты көбейтудің жолын қарастыру керек деп ойлаймын. Елімізде екінші әйел алып, заңдастыра алмай жүрген жігіттер қанша? Менің бұл ойыма бүкіл әйел қарсы және ол - заңдылық. Мұндайға он мың әйелдің бірі ғана келісуі мүмкін. Адам өзі жақсы көрген жарын біреуге қия салмайды ғой.

Белгілі бір статистиканың нәтижесі деп айта алмаймын. Бірақ, екінші, үшінші әйел болып тұрмысқа шыққысы келетін, "Екі балам, үш балам бар, қиналып кеттім. Маған пана болатын еркек табыла ма" дейтін келіншектер туралы жігіттердің арасында әңгімелер болады. Біз елдің ортасында жүреміз, әлеуметтік желідегі парақшамызға да хат жолдайтын қанша келіншектер бар. Оны жариялай бермейсің. Бірақ сондай жағдайлар көп. Осындай жағдаймен екінші әйел алған қанша ер адам бар. Сол отбасы аяқтанып кетсін деп көмек жасаған жігіттерді де білеміз.

Мен тоқал алайын не алмайын, бірақ екінші әйел алған адамды қос қолдап құптаймын. Тоқалды жария түрде алған адам - жігіттің жігіті. Оған рұқсат берген әйелі де мықты. Бірақ әйелің қарсы болып, ажырасып кететіндей жағдайға жетсең, онда қажеті жоқ. Егер өзіңнің әйелің бала-шағамен жесір қалатын болса, басқа әйелді жарылқағаннан не пайда", - деді Досымжан Таңатаров.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады