Рыбакина мен Путинцева ширек финалға шықты

26.03.2024, 12:25
314
Рыбакина мен Путинцева ширек финалға шықты Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ чемпионатының финалисі, америкалық Мэдисон Кизбен ойнады.

Киз Рыбакина үшін қолайсыз қарсылас деуге болады. Олар осыған дейін 3 рет кездессе, соның екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:3 болған кезде Рыбакина брейк жасай алды. Сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ. Бірінші партия  6:3 есебімен Қазақстан теннисшісінің пайдасына шешілді.

Екінші сетте Рыбакина брейкпен алға шықты. Дегенмен Киз де қалыспады. Ол есепті теңестіріп кетті.  Есеп 5:5 болған кезде отандасымыз тағы бір брейк жасап, содан кейін матчты 7:5 есебімен аяқтады.

Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кездеседі.

Юлия Путинцева 1/8 финалда әлемнің 36-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен сынға түсті.

Бірінші партияда Путинцева 4:0 есебімен алға шықты. Содан кейін ол қарсыласына бір брейк беріп қойғанмен, өз дегеніне жетті. Бірінші партиядағы есеп 6:4 болды.

Екіншісі сетте Калинина 4:1 есебімен алға шықты. Дегенмен Путинцева таразы басын теңестіріп, тай-брейкте 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір 32-орындағы Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен немесе әлемнің 30-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен ойнайды.

Путинцеваның рейтингтегі орнына келсек, ол WTA Live тізімінде 52-орынға көтерілді.

Балағат сөздер айтқан: «Ақтөбе» жанкүйерлері жауапкершілікке тартылды Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес Қар мен бұршақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды Абай облысында маньяк жүргені рас па? Полиция жауап берді 50 мыңнан аса қазақстандық Бишімбаевтың туыстарының мүлкін тәркілеу туралы петицияға қол қойған «Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой»: Бақыт Шадаева ауылға көшуіне не себеп болғанын айтты Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын автомобиль көлігімен әкелуге уақытша тыйым салынды «10 млн теңгеден астам ақша алған»: Семейде жолсеріктерді бопсалаған блогер сотталды «Көп жыладым»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды (видео) Чернобыль трагедиясының құрбандарына: Астанада ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті «Мейрамхана безендіру құны – 2 миллион теңге»: Серік Ибрагимов ұлына сүндет той жасады Медициналық қызметтер халық үшін қолжетімді болады: денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді қайта есептеді «Ұнамсыз әрекетінен кейін жұмысты тоқтаттым»: Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірді «Арабқа күйеуге шығып кетпеңдер»: Құралай Нұрқаділованың анасымен әзілдескені жұртты сүйсінтті «Ілияс әлемі» атты оқу-танымдық сайты ашылды «Сізден үлгі алу керек»: актриса Әсел Асқар әкесіне бренд сыйлық тарту етті (видео) «Марапатқа ие болды»: әнші Ділназ Ахмадиева қуанышты жаңалығын бөлісті Шавкат Рахмонов келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақытын айтты Шымкентте мопед мінген курьер қоршауға соғылып, қаза болды «Сыйлап жүргендердің өзі жамандайды»: Қоянбаев киносын сынайтындарға жауап берді