ЕҰУ ғалымдары суды тазартатын және зиянды заттарды анықтайтын мембраналарды модификациялау әдістерін жасады

27.03.2024, 20:39
310
ЕҰУ ғалымдары суды тазартатын және зиянды заттарды анықтайтын мембраналарды модификациялау әдістерін жасады gov.kz

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Инженерлік бейіндегі зертхана ғалымдары әмбебап сүзгілерді жасап шығарды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Оны суды тұздардан тазарту үшін ғана емес, сонымен қатар радиоактивті сұйық қалдықтарды дистилляциялау үшін де пайдалануға болады.

ЕҰУ ғалымдары суды тұздардан, пестицидтерден, мұнай өнімдерінен, глюкозадан және ауыр металл иондарынан тазарту үшін елімізде шығарылатын трек мембраналарын модификациялау әдістерін зерттеп жатыр. Сүзгілердің бірегейлігі ЕҰУ инженерлік зертханасында әзірленген трек мембраналарды пайдалану болып табылады. Ғалымдар жұқа полимерлі пленкалардан жасалған ауыр ион үдеткішін қолданады. Ғылыми әзірлемелердің арқасында сүзгілер суды тек тұздан ғана емес, сонымен қатар мұнай мен радиоактивті қалдықтар тәрізді әртүрлі майлы сұйықтықтардан да тазартуға мүмкіндік береді.

«Біздің сүзгілердің артықшылығы неде? Олар әмбебап. Оны қарапайым сүзгілеуде ғана емес, сонымен қатар радиоактивті сұйық қалдықтардың мембраналық дистилляциясында да қолдануға болады. Трек мембраналары бірқатар ерекше қасиеттерге ие, бірақ мембраналық дистилляция мен сенсорлық үрдістерде тиімді пайдалану үшін олардың үстіңгі жағын өзгерту қажет. Осы мақсатта біз оны қарапайым және арзан әдіспен өзгерту жолдарын зерттедік. Бұл - әртүрлі мономерлердің фотоиницияланған егу полимерленуі. Суды тұзсыздандыру үшін мембраналық дистилляцияда, сондай-ақ қорғасын, кадмий және глюкоза иондарын анықтауға арналған электрохимиялық датчиктер ретінде қолданылатын су-май эмульсияларын бөлуге қабілетті жақсартылған сипаттамалары бар мембраналар алынды», - деп атап өтті ЕҰУ Инженерлік бейіндегі зертхананың аға ғылыми қызметкері, жобаның жауапты орындаушысы Илья Корольков.

Фильтр - трек мембраналарының ең қарапайым қолданысы. Ғалымдар бұған дейін суды тазартуға және оны ішуге қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін сүзгі құрастырған. Бірақ ол суды тек микроорганизмдер мен бактериялардан ғана тазартты, ал тұздардан, вирустардан, хлордан, темірден тазартпайтын.

ЕҰУ ғалымы Арман Есжанов мембраналық дистилляциямен айналысады. Ол трек мембранасының өнімділігін және тазалау дәрежесін арттыруға мүмкіндік беретін гидрофобты мембраналарды шығару әдістерін әзірледі.

«Бірнеше сағат ішінде біз бастапқы пленканың диаметріне байланысты бірнеше литрге дейін таза су ала аламыз. Тазарту дәрежесі 98-99 пайызды көрсетті. Енді біз бұл нәтижелерді алдымен ғылыми журналдарда жариялап, кейін қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз тұздардан бөлек пестицидтерден тазарттық, сонымен қатар сұйық радиоактивті қалдықтардан тазарту дәрежесі бойынша жоғары көрсеткіштер алдық. Бұл жерде изотоптардан тазарту дәрежесі 95-98 пайызды құрады. Біздің фильтріміз әмбебап өнім. Оның қолдану аясы өте кең», - деп түсіндірді Арман Есжанов.

Қазіргі уақытта ЕҰУ зертханасы бақыланатын гидрофильді және гидрофобты қасиеттерді қалыптастыру және химиялық белсенділікті арттыру үшін трек мембраналарының бетін модификациялау әдістерін жасауда. Наноталшықтары бар гибридті трек мембранасы супергидрофобты қасиеттерді көрсетеді және оны мембраналық дистиляция арқылы суды тұздардан тазарту үшін пайдалануға болады.

Жолаушылар вагоны жаңаларына ауыстырылды Орталық спорт клубының спортшылары Париж олимпиадасына 9 жолдама ұтып алды Салтанат Нүкенованың ағасы көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды Балағат сөздер айтқан: «Ақтөбе» жанкүйерлері жауапкершілікке тартылды Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес Қар мен бұршақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды Абай облысында маньяк жүргені рас па? Полиция жауап берді 50 мыңнан аса қазақстандық Бишімбаевтың туыстарының мүлкін тәркілеу туралы петицияға қол қойған «Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой»: Бақыт Шадаева ауылға көшуіне не себеп болғанын айтты Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын автомобиль көлігімен әкелуге уақытша тыйым салынды «10 млн теңгеден астам ақша алған»: Семейде жолсеріктерді бопсалаған блогер сотталды «Көп жыладым»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды (видео) Чернобыль трагедиясының құрбандарына: Астанада ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті «Мейрамхана безендіру құны – 2 миллион теңге»: Серік Ибрагимов ұлына сүндет той жасады Медициналық қызметтер халық үшін қолжетімді болады: денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді қайта есептеді «Ұнамсыз әрекетінен кейін жұмысты тоқтаттым»: Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірді «Арабқа күйеуге шығып кетпеңдер»: Құралай Нұрқаділованың анасымен әзілдескені жұртты сүйсінтті «Ілияс әлемі» атты оқу-танымдық сайты ашылды «Сізден үлгі алу керек»: актриса Әсел Асқар әкесіне бренд сыйлық тарту етті (видео) «Марапатқа ие болды»: әнші Ділназ Ахмадиева қуанышты жаңалығын бөлісті