Қызылордада ер адам мүгедектігі бар бала мен оның ата-анасын соққыға жыққан

30.06.2024, 13:14
1724
Қызылордада ер адам мүгедектігі бар бала мен оның ата-анасын соққыға жыққан ria.ru

Қызылордада ер адам мүгедек бала мен оның ата-анасын соққыға жыққан. Әлеуметтік желіде ұрып-соғу сәті түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, зардап шеккен баланың туысының айтуынша, оқиға 28 маусымда облыс орталығының сол жағалауындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. 

Кадрда қолында баласы бар ер адамның орындықта отырған жігіттерге жақындап, олардың бірін балағаттай бастағанын көруге болады. Жасөспірім жайбарақат отырғанда, кенеттен ер адам оның басынан бірнеше рет ұрып, сосын тепкілей бастайды. Әйел телефонмен сөйлесіп, не болып жатқанын бақылап отыр.

"Бұл бірінші подъезде тұратын үйдің тұрғындарына қонаққа келген адамдардың ісі. Інім мүгедек болғандықтан үндемейді, көшеге сирек шығады. Сол күні ата-анасымен қонаққа келген бала інімді ренжітіп,  аяғынан теуіп жіберді. Содан кейін оқиға болып жатқан жерге екі ер адам мен әйел келді. Олардың бірі алдымен інімді, кейін не болғанын білуге ​​шыққан анамды аяусыз соққыға жыққан. Сосын екеуі болған жайды естіп, көмекке шыққан әкеме шабуыл жасады. Ұрған сәтінің видеосы бар", – деп жазды жәбірленушілердің туысы.

Айтуынша, оқиғадан кейін бала ауруханаға жеткізілген. Оның ата-анасы да медициналық көмекке мұқтаж. Аталған факті бойынша тергеу басталды.

"Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті.

Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді Қазақстанмен достықты сақтауға деген ұмтылысымыз өзгермейді – Си Цзиньпин Ауылда қой бағып жүрген Жандәурен «Привет, Андрей» шоуында қадірлі қонақ болды Моңғолия президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді Қытай - біз үшін тату көрші, достас және мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктес мемлекет - Мемлекет басшысы «Әпкелік кеңесім»: тележүргізуші Айгүл Мүкей қыздарға арнап жазба жариялады Қытайлық компания Шымкентте көлік зауытын салуға ниетті Америка ғалымдары ой күшімен басқарылатын протез ойлап тапты Астанаға Ресей президенті Путин келді «Мен үшін ең маңызды күн!» Руслан Өтепбай қуанышты жаңалығын жұртқа жария етті Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді Биыл бөлінген білім гранттарының 4 пайызы қандастарға беріледі Арбатта ән айтқан Төреғали Төреәліні жұрт танымай қалды Кеңесші болып тағайындалған Нұрлан Қоянбаев қанша жалақы алады? Облыс әкімі жауап берді «Қызын лақтыра салды ма?»: заңгер Абай Бегейдің қызының ісі сотқа кеткенін мәлімдеді «Стилист 20 мың сұрап жатыр»: Нұрболат Абдуллинмен әзілдескен Әбдіжаппар Әлқожа сынға қалды Болат Назарбаевтың 15 баласы мұраға таласып жатыр Қазақстандықтар еңбек шартына смартфоннан қол қоя алады «Еріндері кеседен басқа жерге тимеген»: өзінен 5 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан қыз желіні шулатты (ВИДЕО) «Қас дұшпан қолға түскендей шулады»: Елена Әбдіхалықова бес тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді