Қазақстандықтар еңбек шартына смартфоннан қол қоя алады

02.07.2024, 17:56
988
Қазақстандықтар еңбек шартына смартфоннан қол қоя алады tengrinews.kz

Жаңа сервис eGov Mobile мобильді қолданбасында қолжетімді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, енді қазақстандықтар жұмыс берушімен еңбек шартына тек қағаз түрінде ғана емес, смартфоннан да қол қоя алады. 

Жұмыс беруші hr.enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электрондық еңбек шартының жобасын жасайды және оны жұмыскерге келісуге жолдайды.

«Жұмыскерге шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасында push-хабарлама келеді. Ол өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық деректермен растайды, push-хабарлама арқылы өтеді. Әрі қарай еңбек шартымен танысады, егер шарттармен келіссе, қысқа кодты енгізіп немесе биометриялық деректермен тексеруден өтіп, өзінің ЭЦҚ көмегімен қол қояды», - деп жазылған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарламасында.

Жүйе hr.enbek.kz порталындағы жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Жұмыс беруші электрондық еңбек шартына ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды. Жүйе қол қойылған электрондық еңбек шартын автоматты түрде Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеуге жібереді, содан кейін шарт жасалған боп есептеледі. Сервис іске қосылған сәттен бастап, 775 электронды еңбек шартына қол қойылған.

Егер пайдаланушы мобильді қолданбаны орнатпаса, бірақ мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, оған қолданбаны жүктеуге сілтеме, жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпараты бар 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі. Қолданбаға ең алғаш кірген кезде пайдаланушыға жіберілген барлық хабарламалар шығып тұрады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды