«Қас дұшпан қолға түскендей шулады»: Елена Әбдіхалықова бес тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді

Аиса Махамбет Редактор
02.07.2024, 16:42
1096
«Қас дұшпан қолға түскендей шулады»: Елена Әбдіхалықова бес тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді ашық дереккөзден

Танымал сазгер, композитор, журналист Елена Әбдіхалықова ұшақта бейәдеп сөз айтып, бес тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатовқа араша түсті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әзілкеш мас күйде ұшақта шу шығарып, бордсерікті балағаттаған еді. 

“Әлем желіні ашып қалсаң, "әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды" деп, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, ұры иттің артындай шуылдасқан сайттар мен оған "жаны кірген" халықты көріп, ойға қалдым. Құдды бір мемлекетіміздің қас дұшпанын қолға түсіргендей, ең парақор, ең жемқор, халықты 30 жыл сорлатқан сойқандарды қолына кісен салып, қамағандай шат-шадыман. Ау, ағайын осы Тұрсынбектің өнеріне неше жылдан бері мәз-мейрам болып, оның концерттеріне билет іздеп шабылып жүрген жоқ па едіңіздер?!... Тұрсынбекті осынша табалайтындай кімнің несібесін жеп еді? Өз өнерімен, адал еңбегімен елдің ықыласына бөленіп жүрген халықтың бір өнерпаз ұлы емес пе? Тіпті, тойларыңыз болса, осы Тұрсынбек пен оның жігіттері келсе екен деп тілеймейтін бе едіңіздер?”, – деп жазды композитор. 

Сондай-ақ сазгер әзілкештің адами қасиеттерін де жіпке тізіп, баяндап берді. 

“Мен білетін Тұрсынбек көргенсіздіктен ада, тәрбиелі, талантты жігіт. Өнер ортасында жүріп, "Тұрсынбек Қабатов біреудің ақысын жепті, артық кетіпті, кісіге қиянат қылыпты" дегенді естіген емеспін. Қадірлі ағайын! Өз баламызды өзіміз өлтіріспей, қайта араша түсейік! Ең болмаса, тасада отырып тас атпай, тілекші болайық! Талантты тірісінде бағалайық! Кісіні босқа қаралау, сүрінсе табалау меніңше өте ауыр күнә. Өйткені, күндердің күнінде соның орнында өзің болмасына кім кепіл?”, – деп халыққа үндеу жасады мәдениет қайраткері. 

«Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды