«Жеңіліп қалғаннан кейін тұрмысқа шығу ойымнан айнып қалдым»: Әбиба олимпиададан жүлде алмай, тұрмысқа шықпайтынын айтты

31.07.2024, 13:55
2081
«Жеңіліп қалғаннан кейін тұрмысқа шығу ойымнан айнып қалдым»: Әбиба олимпиададан жүлде алмай, тұрмысқа шықпайтынын айтты жеке парақшасынан

Париж олимпиадасының қола жүлдесі үшін тартыста жеңіліске ұшыраған Абиба Абужақынова спорттық мансабы мен жеке өміріне қатысты жоспарын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж олимпиадасында жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінген Әбиба Абужақынова жүлдегерлер қатарынан көрінгенде мансабын аяқтап, отбасы құрғысы келгенін жасырмады. Бұл туралы Kazinform жазды.

Дзюдодан қазақ қыздары арасында мен тұңғыш рет әлем чемпионатының жүлдегері атандым. Олимпиада ойындарында да тура солай алғашқы қазақ қызы болғым келген. Өкінішке қарай Парижде ол мүмкіндік ұстатпай кетті. Бірақ, бәрі бір сол арманға, сол мақсатқа қол жеткізбей тоқтамаймын деп бел буып отырмын. Лос-Анджелестің ауылы да алыс емес. Әне-міне дегенше олда келіп қалады.

Негізі, осы олимпиадада арманым орындалғанда міндетті түрде болашақ жарымды тауып, тұрмысқа шығып, бесігімді тербетіп үйде отырғым келген. Осы жолы жеңіліп қалғаннан кейін ол ойымнан айнып қалдым. Қазір жігітім де жоқ. Егер мені түсініп, 2028 жылғы олимпиадаға дейін күтемін деген азамат болса, тұрмысқа шығуға дайынмын – деді дзюдошы.

Айта кетейік, Әбиба Абужақынова Париж олимпиадасының қола жүлдесі үшін белдесуде швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп қалған еді.  

Көпен Әмірбектің екінші әйелі сатириктің 65 жасында дүниеге келген ұлын көрсетті «Еркелік емес, ақымақтық»: Қоғам белсендісі ішімдік ішкен Мақпал Жүнісованы сынап тастады Танымал актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдықты «Екі жарым жыл ішпедім»: Мұрат Әбділдә түрмедегі өмірінің қалай өткенін айтты «Аяғындағы қатерлі ісік ажалына себеп болды»: Ақжол Мейірбековтің әйелі өнер иесінің соңғы сәтінен сыр шертті «Күдіктінің аяғы ауыр әйелі мен үш қызы бар»: Түркістан облысындағы анасы мен қызы жауыздықпен өлтірілген ауылда тұрғындар бас көтерді «Толық адамдарды жек көремін»: Меруерт Түсіпбаеваның дене бітімге қатысты пікірі жұртқа жақпай қалды «Бұл балет емес, көкпар»: Қазақстандық депутат көкпарда «қамшымен ұрды» деп шағымданған қырғызстандықтарға жауап берді Еркін Дүсіпов: Жаңа оқу корпусының берілуі – QyzPU үшін тарихи оқиға Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды Ұшақтағы жолаушылардың ұшу кезінде құлақ қалқаны жарылып, мұрындары қанаған «Жақсы жаңалық...». Димаш Құдайбергеннің анасы келін түсіргелі жатқанын айтты «95 ән шығардым»: Мұрат Әбділдә түрмеде немен айналысқанын айтты Жеңіл көлікпен сиыр тасыған семейлікке айыппұл салынды Жетісу облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала өлі табылды Қазақстанға екі аптада 600 мыңға жуық турист келген 5 адамның өмірін қиған жатақханадағы өрт бойынша үкім өзгеріссіз қалды Алдағы күндері жел күшейіп, үсік жүреді «Бірнеше әйел бір еркекке тигісі келсе неге тоқтатамыз?!»: Мұхтар Мағауин көп әйел алуға байланысты ойын айтты Ақтөбеде мұғалім оқушысына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған