«Бұл балет емес, көкпар»: Қазақстандық депутат көкпарда «қамшымен ұрды» деп шағымданған қырғызстандықтарға жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
19.09.2024, 15:47
1516
«Бұл балет емес, көкпар»: Қазақстандық депутат көкпарда «қамшымен ұрды» деп шағымданған қырғызстандықтарға жауап берді бейнежазбадан алынған кадр

Депутат қырғыздардың шағымына жауап қатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық депутат Айдарбек Ходжаназаров Астанадағы көшпенділер ойындарында өткен көкпардан финалға байланысты қырғызстандықтардың шағымына жауап берді. Ол қамшы соққысынан қорқатын спортшыларға көкпар ойнамауға кеңес берді.

Депутаттың айтуынша. әлеуметтік желілердегі пікірлерге қарап, көпшіліктің көкпар ережелерін білмейтінін түсінуге болады.

"Негізгі шайқас алаңда өтті. Шынында да, алаңда қазақстандық ойыншы қырғыз ойыншысын қамшымен ұрды. Бірақ менің ойымша, егер сіз қамшы соққысынан қорқатын болсаңыз, көкпар ойнамаңыз. Кешіріңіз, бұл ойын. Көкпарда сізге үнемі қамшы соққысы тиеді", - деп атап өтті Ходжаназаров.

Депутат төреші Қазақстан құрамасының ойыншысын қарсыласының бетінен қамшымен ұрғаннан соң екі минуттан кейін барып ойыннан шығаруына байланысты пікірін айтты. 

"Қырғызстан тарапының талабы: “неге төреші ойыншының соққыға жығылғанын бірден көрмеді?” деген болды. Бұл футболда да, хоккейде де барлық жерде болып тұратын жайт. Төреші көрмеді, біраз уақыттан соң қайталау арқылы байқап, ойыншыны екі минутқа алып тастады. Іс жүзінде таймның соңына дейін жасалынды. Қырғыз құрамасының тағы бір талабы: "Біздің қарқынымызды бұздыңыздар" дейді. Кешіріңіз, бірақ бұл халықаралық ойын деңгейі. Сіздер кәсіпқой ойыншысыздар. Сондықтан бұл жерде қандай қарқын болуы мүмкін? Ойында қырғыздар 3:1 есебімен алға шықты. Кейін барып Қазақстан 5: 4 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс таза әрі лайықты болды деп санаймын", — деп қосты мәжілісмен.

Қожаназаровтың айтуынша, кезінде қазақстандық көкпаршылардың бірі Қырғызстанмен ойын кезінде қысымнан алған жарақатынан жансақтау бөліміне түскен. 

"Міне, Қырғызстаннан келген қарсыласын қамшымен ұрған біздің ойыншы... Бірнеше жыл бұрын оны қырғыз командасы жансақтау бөліміне түсіргені туралы білесіз бе? Неліктен бұл туралы ешкім үндемейді? Біздің қазақстандық ойыншы көкпар ойынынан кейін ауруханаға түсті. Оны қырғыз ойыншылары көкпар кезінде қысып тастаған. Алайда біз жанжал көтерген жоқпыз. Себебі бұл балет емес, көкпар. Егер сіз ойнағыңыз келсе, қамшы соққысына шағымданбаңыз. Біз, қазақстандық тарап кезінде ойыншымыз жансақтау бөлімінен кейін бірнеше ай бойы өз-өзіне келді деп шағымданған жоқпыз", - деп қосты ол.

Мәжілісмен Қазақстан мен Қырғызстан арасында ешқандай матч-реванш болмайтынын алға тартты.

"Чемпионат көшпенділер ойындары аясында өтті, финал аяқталды. Егер жаңа ойын болса сол жақта көретін боламыз", - деп түйіндеді Ходжаназаров. 

Еске салсақ, Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финалдағы Қазақстанның жеңісіне қырғызстандықтар жаппай наразылық білдірген еді. Олар қазақстандық ойыншы қамшымен салып қалдыдеп шағымданды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды