«Аяғындағы қатерлі ісік ажалына себеп болды»: Ақжол Мейірбековтің әйелі өнер иесінің соңғы сәтінен сыр шертті

Аиса Махамбет Редактор
19.09.2024, 17:52
1754
«Аяғындағы қатерлі ісік ажалына себеп болды»: Ақжол Мейірбековтің әйелі өнер иесінің соңғы сәтінен сыр шертті жеке мұрағатынан

Әйгілі “Дос-Мұқасан” тобының солисі, әнші марқұм Ақжол Мейірбековтің әйелі өнер иесінің соңғы сәттерінен сыр шертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, “Астарлы ақиқат” бағдаралмасында 50 жыл отасқан жары Шәрипа Мейірбекова марқұмды сағынышпен еске алды. 

“Үш жыл бұрын Ақжолға отандық дәрігерлер тері ауруының қатерлі ісігі деген диагноз қойды. Аяғындағы қатерлі ісік ажалына себеп болды. Бірақ ол мойымады. Отандық медицина қызметкерлеріне сеніп, шетелге де бармады. Өмірінің соңына дейін ән айтып кетті. Ештеңеден қорыққан жоқ. Дәрігерлердің айтқанын істеді. Ауруханаға жатып, ісікті емдеді. Оны алдырып тастады. Үш жыл үзбей химиятерапия алды. Алланың жазғаны болады деп сендірді. Соңғы кезде қатты шаршап, әлсіреп қалғанда тағы ауруханаға жатты. Сол кезде-ақ дәрігерлер үйге шығарды. “Мұсылманша жөнелткен дұрыс. Мына жақта сойып тастайды” деді. Үйге екі күн ғана қонып, аттанып кетті. Бәрі тез болды. Өзіміз де не болғанын ұқпай қалдық. Бір күні “Маған ризасың ба?” деп сұрадым, “Саған қалай риза болмайын?” деді. Сол сөзінен кейін ертеңіне жүріп кетті”, – деді марқұмның жұбайы. 

Өнер иесінің әйелі 50 жылға шегініс жасап, жолдасымен танысқан сәтін есіне алды. 

“Менің ұлтым – өзбек. Ол кезде қазақ пен қазақ қана үйленетін. Бірақ Ақжол соны бұзып, менің әкемнің алдынан өтуге барды. Бірақ әкем “біздің әулетте қазаққа тиген ешкім жоқ” деп қайтарып жіберді. Содан ол кісі анасын алып келіп, құда түсті. Бірақ әкем келіскен жоқ. Сол кезде марқұм енем, “Онда алып қашамыз. Осы қыздан басқа ешкімді келін қылмаймын” депті. Ол кезде менің жасым – 18 де еді. 50 жыл отбасылық өмірдің ыстық-суығын бірге көрдік”, – деді Шәрипа Мейірбекова. 

Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды