Еркін Дүсіпов: Жаңа оқу корпусының берілуі – QyzPU үшін тарихи оқиға

19.09.2024, 15:15
998
Еркін Дүсіпов: Жаңа оқу корпусының берілуі – QyzPU үшін тарихи оқиға QyzPU

Жаңа ғимарат университетке шілде айынан бастап заңды түрде пайдалануға берілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне мемлекет тарапынан жаңа ғимарат заңды түрде пайдалануға берілді. Бұл туралы университет ректорының міндетін атқарушы Еркін Дүсіпов БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты. 

2024 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистерге жоғары оқу орнының ғимаратында тур өткізіліп, зертханалар, мұражай, арт галерея таныстырылды. Бас корпустан кейін университеттің жаңа корпусына тур жасалды. 80 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1986 жылдан бері алғаш рет Алматы қаласының орталығында оқу ғимаратына ие болды. Мемлекеттен берілген оқу ғимаратының ауданы 12 000 шаршы метрден асады.

Баспасөз туры барысында журналистерге QyzPU ректорының міндетін атқарушы Еркін Дүсіпов оқу орнының жетістіктері мен даму преспективалары туралы ақпарат берді. Проректор қонақтарды заманауи білім беру алаңдарымен, сондай-ақ университетте білім беру процесіне енгізіліп жатқан заманауи әдістермен таныстырып, алға қойған жоспарлармен бөлісті.

«80 жылдық мерейтой қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне жаңа оқу корпусының берілуі QyzPU ұжымы үшін тарихи оқиға болды. Жаңа ғимарат университетке шілде айынан бастап заңды түрде пайдалануға берілді. Қазіргі таңда үшінші, төртінші, алтыншы қабаттарда хореография, педагогика, психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқу жүріп жатыр. Болашақта магистранттар мен докторнаттарды да осы ғимаратта оқытуды жоспарлап отырмыз. Білім ордасында жалпы саны 12005 студент бар. Биыл 1 курсқа 5000-ға жуық студентті қабылдадық. Білім алушыларға жағдай жасау – біздің міндетіміз», – деді проректор. 

Оның айтуынша, алдағы уақытта жаңа ғимаратқа тағы да заманауи құрал-жабдықтар алынады.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады