АҚШ-тың құпия деректерін таратқан жасанды интеллект қайта қолданысқа кірмек

Вашингтон Anthropic-тің жасанды интеллект модельдеріне қойылған шектеуді алып тастады.

АҚШ-тың құпия деректерін таратқан жасанды интеллект қайта қолданысқа кірмек
PhotoGranary02 / Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Сауда министрлігі Anthropic компаниясы мен оның Fable 5 және Mythos 5 жасанды интеллект модельдеріне қатысты экспорттық бақылауды толықтай алып тастады. Бұл туралы CNBC жазды.

АҚШ Сауда министрі Ховард Лютник мұндай шешімге Anthropic-пен тығыз ынтымақтастықтан кейін келгенін айтты. Оның сөзінше, бұл қадам мемлекеттік құрылымдардың ортақ бағытын қамтамасыз етіп, АҚШ-тың жасанды интеллект саласындағы көшбасшылық позициясын нығайтуға бағытталған.

Anthropic компаниясы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасанды интеллект модельдерін пайдаланушыларға «шыдамдылығы үшін» алғыс білдірді. Компания 1 шілдеден бастап Fable 5 және Mythos 5 модельдеріне қолжетімділікті қайта қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Бұған дейін маусым айының ортасында Anthropic АҚШ билігінің экспорттық бақылау жөніндегі нұсқауына байланысты аталған модельдерге қолжетімділікті уақытша тоқтатқан еді. Компанияға АҚШ аумағында немесе одан тыс жерде жүрген шетел азаматтарына, соның ішінде Anthropic-тің шетелдік қызметкерлеріне де модельдерді пайдалануға шектеу қою тапсырылғанын мәлімдеген.

Осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ билігі Anthropic-тің жасанды интеллект моделін 100-ден астам америкалық ұйым мен мемлекеттік мекемеге шектеулі түрде пайдалануға рұқсат берген болатын.

CNBC қол жеткізген хатта Ховард Лютник белгілі бір «сенімді серіктестерге» модельге қолжетімділік беру үшін тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданғанын атап өткен.

АҚШ билігінің бұл шешімі жасанды интеллект технологияларын дамыту мен оларды халықаралық деңгейде қолдану мәселесіндегі жаңа кезең ретінде бағаланып отыр.

Материал авторы