Мәдениет үйлері көпфункционалды орталықтарға айналады

23.05.2023, 13:15
555
Мәдениет үйлері көпфункционалды орталықтарға айналады almalife.kz

Мәдениет үйлері көпфункционалды орталықтарға айналады. Бұл жайында еліміздің Мәдени саясатының тұжырымдамасын таныстырған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бүгін еліміздің бірыңғай мәдени кеңістігін қалыптастыруға және театр, кино, музей, кітапхана, материалдық және материалдық емес мәдени мұра сынды мәдениеттің барлық бағыттарының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған, алдағы 7 жылға жоспарланған ҚР Мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы айтатын боламын. Инфрақұрылым дамиды. Мәселен, 2030 жылға дейін жаңадан 345 нысан салынып, жұмыс істеп тұрған 1420 мәдени нысан жөнделеді. Ал мәдениет үйлері көпфункционалды орталықтарға айналады, онда халықтың, әсіресе балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасалады», - деп жазады министр Telegram парақшасында. https://web.telegram.org/a/#-1974599750

Оның атап өтуінше, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы барлық заманауи жабдықтармен толық техникалық қайта жарақтандырылады. Бұл киностудияға көптеген фильмді шығаруға және кино өндірісінің барлық кезеңдерінде (түсіру, монтаждау, дубляж, тираждау және т.б.) жеке отандық кинокомпанияларға жәрдемдесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Қазақфильм» еліміздің аумағында түсірілім жұмыстарын жүргізу үшін ірі шетелдік компанияларды тарту бағытында жұмыс істейтін болады. «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шетелдік киностудиялардың өкілдерін, сондай-ақ анимациялық кино саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандарды тарта отырып, шеберлік сабақтарын өткізе береді.

«Жыл сайын қазақ киносының алтын қорына кіретін кемінде 5 толықметражды фильм цифрландырылады және қалпына келтіріледі, отбасымен көруге арналған, рейтингі жоғары және дистрибуциясы кең кемінде 10 анимациялық және көркем фильм дубляждалады. Сондай-ақ, киноклассиканы ақ-қара форматтан түрлі-түсті форматқа ауыстыру мәселесі де пысықталып жатыр», - деді Асхат Оралов.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді