«Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
10.04.2025, 10:30
937
«Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды SMARTNEWS.KZ коллажы

Әйгілі айтыскердің ұлы жұртты Меккеге жібермегені үшін тергеліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр.

Бұған қажылыққа ұша алмаған туристердің шағымы себеп болып отыр. Данияр Имашев соларға жолдама сатқан «Qazaq travel» компаниясының атқарушы директоры көрінеді. 

Бүгін таңда Меккеге ұшуы тиіс болған туристер қазір Әуезов аудандық полиция басқармасын айналшықтап жүр. Себебі,  «Qazaq travel» компаниясы 1 күн қалғанда олардың ешқайда ұшпайтынын мәлімдепті. 

Тоғызы күні ұшатын рейсімізде ешқандай адам ұшқан жоқ. Бір халыққа шығып, үндеу айтқан жоқ. Билеттің бағасы өсіп кетті ау, басқа да жағдай болып қалды ау деген үндеу болған жоқ. Бізге ешқандай дәлел көрсетіп тұрған жоқ. Билет, қонақүй төленді дегенді әлі көрсеткен жоқ,  - деді Медина Жарылғапова есімді «Qazaq travel» компаниясының клиенті.

Қазір компанияның кеңсесі жабық тұр. Ал, Мәдина мен Меккеге ұша алмаған 50-ге тарта адам полицияға шағым түсірген. Сөйтіп, полицейлер алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғапты. Күдікті ретінде үш адам танылған. Олардың қатарында компанияның атқарушы директоры Данияр Имашев та бар. Жұрттың қажылықтан қалу себебін сұраған тілшілерге ол бүгін үн қатпады. 

Есесіне, туындаған қиындықтың себебін болашақ қажыларға оның әкесі түсіндіріп берген. Балғынбек Имашев әуе билеттерінің де, қонақүй бағасының да қымбаттап кеткенін айтады. Әрі мұнда ешқандай алаяқтық жоқ деп сендіріпті.

Көп адамдар акциямен алған. Арзан бағада алды. Қазір баға қымбаттап жатыр. Қымбат билет алынып жатыр. Ұшақтың бағасы қымбат болып жатыр. Қонақүйдің бағасы қымбат болып жатыр. Сол себепті құрылтайшылар өз қалтасынан қосып, қаржы салып, сіздердің қызметтеріңізде болуға талпынып жатыр, - депті айтыскер ақын Балғынбек Имашев. 

«4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО)