Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр

10.04.2025, 12:32
1831
Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Абай облысы ПД

Электр скутерімен үйден шығып кеткен бала іздестіріліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай ауданында полицейлер Мақаншы ауылында тұратын 2011 жылы туған 13 жастағы жасөспірім Қайратұлы Қайсарды іздестіріп жатыр.

Облыстық полицияның хабарлауынша, 10 сәуірге қараған түні Мақаншы ауылының тұрғыны Мақаншы аудандық полиция бөліміне кәмелетке толмаған ұлын табуға көмек сұрап хабарласқан.

«Әкесінің айтуынша, 9 сәуір күні сағат 14:30 шамасында баласы еркін күрес секциясына баратын жасыл электр скутерімен спорт модулі бағытында үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз», - деді полиция.

Полицейлер баланы іздеуге кірісті. Оларға мұғалімдер, жергілікті тұрғындар мен әкімдік өкілдері қосылды.

«Қайсар Қайратұлының жүрген жері туралы ақпарат болса, дереу 102 нөміріне немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп сұрады полицейлер қазақстандықтардан.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді