2213

Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ

Ресейге халықаралық тергеу тапсырмасын жолдадық дейді Бас прокурордың орынбасары.

Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ
Tengrinews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу дерегіне қатысты тергеу деректерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Қойгелдиев тергеу әлі жалғасып жатыр дейді. 

"Айтарым, бұған дейін бірқатар сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысы бойынша белгілі нәтижелер бар. Процесс не үшін тоқтап қалғанына келер болсақ, біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмасын жолдадық. Істің толықтығы үшін спутник арқылы сол кезде жанында (үйдің – ред.) қандай көліктер тұрғанын зерттемекпіз", – деп түсіндірді Бас прокуратура өкілі. 

Материал авторы