Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды

10.04.2025, 11:49
364
Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Baluan tas

Ұлттық академиялық кітапханада жақында құрылған «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының жұмыс-жоспарымен Бас редакторлары клубы және қоғам өкілдерін таныстыру, әрі кітап көрмесі барысында «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталғаны хабарланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аталмыш жиын «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Ұлттық академиялық кітапхананың, Ұлттық спортты қолдау қорының қолдауымен өткізілген.

Іс-шараға «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, сондай-ақ спорт пен мәдениет, білім-ғылым және ақпарат салаларының қайраткерлері мен өкілдері қатысты.

Шарада қазақтың ұлттық спорт түрлері мен мәдениеті туралы құнды ақпараттар берілді. Белгілі күш мәдениетін зерттеуші, спорт мәдениетіне арналған бірнеше кітаптың авторы Абылайхан Қалназаровтың қазақ күресі мен палуандар, асық ату, көкпарға қатысты бірқатар кітаптарының «демо» версиялары және «Қазақ күшінің картасы» атты арнайы жобасы таныстырылды.

«Baluan tas» құрылтайшысы А.Қалназаров өзі құрған жаңа құрылымның миссиясы мен бағыт-бағдары, алдағы уақытта қолға алынбақ жоспарлар туралы айта келе, бүгін ұйымның тұңғыш жобасының басталатынын айтты.

«Сүйіншілейтін жақсы жаңалығымыз бар. Бұл жобаны алдарыңызда тантыстыру мен үшін зор мәртебе. Осы сәттен бастап «Қазақ күшінің картасы» жобасы ресми түрде бастау алады. Тұсауын сіздер кесіп отырсыздар! Оны түрліше атауға болады. «Қазақ күшінің картасы», яки «Қазақ күш-қайратының картасы» немесе «Ұлы даланың күш картасы» десек те, бәрінің мағынасы бір. Түркі әлемінің әлеуетін паш етеді. Басты мақсат – халқымыздың жауынгерлік-спорттық тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі – алып күш-қайрат иелерінің күш мұрасын тізімдеу мен зерттеу. Мұнда жұрт «Нақты не істейсіңдер?! деп жатыр. Жауап айқын: Ел аузында «Балуан тас» деп аталатын ауыр тастарды іздеп тауып, олардың географиялық орналасу нүктелерін картаға түсіру мен ұлттық құндылық ретінде мәртебелеу мен насихаттау» , – деді ол.

Жобаның басталуын білдіретін арнайы символдық қызыл лентаны ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай, «Тас палуан» лақабымен танымал атлет, КИНЕС рекордтар кітабының рекордсмені Арман Сүлеймен және басқа да елге танымал азаматтар қиды.

Бибігүл Жексенбай тарихи-мәдени мұраның ішінде балуандық сынақтар рәсімінің маңызды болғанын айта отырып, ауыр тастардың қазақ халқының ерлік дәстүрін, күш пен батырлықты дәріптейтін элементтер ретінде ғасырлар бойы сақталып келе жатқанына тоқталды.

«Қазақтың алып күш иелерінің тарихи рөлін насихаттау үшін ауыр тастарды зерттеу – ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, жастарға рухани мұрамызды түсіндіріп, насихаттаудың маңызды тәсілдерінің бірі. Бұл жағынан біз елімізде алғаш бастама көтеріп отырған Абылайхан Мамырайханұлын қолдауға қашан да әзірміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық спорт түрлерінің дамуына ерекше мән беріп, олардың ел мәдениеті мен бірлігін нығайтудағы рөліне баса назар аударып келеді. Мемлекет басшысы ұлттық спорт түрлерінің дамуына сараптама жасап, әрбір республикалық федерациямен институционалдық тұрғыда жұмыс жүргізу қажеттігін  тапсырды. Оның Ұлттық құрылтайдың отырыстарында ұлттық салт-дәстүр мен спорттың маңыздылығын бірнеше рет атап өткені мәлім. Тіптен, IV Ұлттық құрылтайда:  «Көптеген ел өзінің салт-дәстүрі мен қазіргі инновацияларды өзара үйлестіру арқылы дамудың даңғыл жолына түскенін тарихтан көріп-біліп отырмыз» деді», деп ойын жалғады.

Ал палуан Арман Сүлеймен бұл жобаны жеке бір ұйым яки тұлға емес, мемлекетттің өзі басшылыққа алып атқаруы керектігін атап өтті.

«Мен Абылайханмен саясат, қоғам, заман, ұлттық спорт бағыттары бойынша ұдайы пікірлесіп отырамын. Оның «Балуан тас» қостомдығын да оқып шықтым. 500-ге жуық түркі-қазақ палуандарының дерегі келтірілген. Ендігісі, оның сол кітаптардан басталғанигі ісінің үлкен ұйымға айналып, өз алдына жоба жүргізе бастағанына куә болып отырмыз. Басқасы басқа, мәдениеттанушы деген дипломын ақтаған бір адам болса, осы Абылайхан болар. Ақ батамызды беріп, сәттілік тілеп отырмыз», – деп пікір білдірді

Ынтымақтастықты жалғастыру үшін «Baluan tas» пен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара іс-қимыл бойынша меморандум жасалды.

Тағы бір маңызды тұс, «Baluan tas» ұжымына кіретін Silteme.kz ақпараттық порталы негізінде Абылайхан Қалназаров «Бас редакторлар клубы» мүшелігіне қабылданды. 

Айта кетейік, «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері мен мәдениеті академиясы – қазақ халқының барлық дәстүрлі спортын сақтау, дамыту және халықаралық деңгейде танымал етуге бағытталған инновациялық орталық. Ол ұлттық спорт түрлерінің физикалық, рухани-мәдени және зияткерлік құндылықтарын зерттеп зерделеп, болашақ ұрпаққа жеткізуді және спорт арқылы елдік рухты күшейтуді көздейді. Ұйым 2025 жылғы 17 наурызда ұлттық спорт түрлері зерттеушілері мен ғалымдарының бастамасымен Астана қаласында құрылып, өз жұмысын бастады. Құрылтайшысы және жетекшісі Абылайхан Қалназаров.

Жиынға арнайы шақырылған «Бас редакторлар клубы» құрылымы 2007 жылы құрылған және құрамына Қазақстанның 300-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен жетекшілері кіретін ерікті қоғамдық бірлестік. Клуб алдағы уақытта «Қазақ күші картасы» жобасының жүзеге асырылу барысын ақпараттық жағынан сүйемелдеп, назарда ұстайтын болады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады