«Әйел бәріне көну керек...»: Алтынай Жорабаеваның жазбасы оқырманды ойландырып қойды

28.06.2024, 09:07
1710
«Әйел бәріне көну керек...»: Алтынай Жорабаеваның жазбасы оқырманды ойландырып қойды altynaizhorabayeva

Өнер иесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер жайлы сөз қозғады.

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында әйелге көп жауапкершілік артылатынына наразылық білдірді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер жайлы сөз қозғады. Ол қыз бен ұлды бөліп-жармай, жастайынан еңбекке баулып тәрбиелеу керек деп есептейді. 

"Неге? "Қыз сыны" Неге? "Жігіт сұлтаны? Әу бастан, қыз баласын сынға алып, бәрін әйел адамнан талап ету, бүкіл жауапкершілікті әйел адамға артып қоюды қанға сіңіріп, ойға түйіп тастаған сияқты ма, қалай өзі? Қыз нәзік, қыздың жолы жіңішке, қызға қырық үйден тыйым дейді де, қыздың қырық жаны бар деп қоятынымыз қалай? Былай қарасаң, нәзік, әлсіз деген сияқты айтып келіп, бірақ сол "әлсіз жаратылысқа" үстемдік жасап, әлсізге әлімжеттік көрсетіп, бірақ қайтадан бүкіл үйдің тірлігін, бүкіл жауапкершілікті, яғни күйеуі ішіп кетсе, құмар ойын ойнап кетсе, ішіп келіп ұрса, жүріс жүрсе, әйел үнін шығармай, көніп, бала-шағаны бағып, үйдің шаруасын жасап жүруді талап етуді қалай түсінуге болады? Нағыз ер-азаматты сыйламайтын, тапқан табысының берекесін қашырып отыратын әйелдер де бар! Мынау еркектің, мынау әйелдің жұмысы деп бөлмей, кішкентайынан ұлды да, қызды да үй шаруасына, дала шаруасына баулып тәрбиелегенде, әйел еріне, ері әйеліне көмектесіп, түсіністікпен өмір сүріп, берекелі отбасы болады деп ойлаймын. Менің оқырмандарымның ойы қалай екен?" - деп жазды әнші.

«Оқи беремін де»: Индира Расылхан хиджабын сөз еткендерге жауап берді «Көп нәрсеге көз жұмып, шыдайды»: Қайрат Әділгерей қыздарына арнап әсерлі жазба жариялады "Мен түсінетін тілде сөйлесесіз": Дрифт турнирінің жетекшісі қазақ тіліне қатысты атышулы видеодан кейін жұмысын тоқтатты Қазақстан құрамасы географиядан EGeO Еуропалық олимпиадасында алты медаль жеңіп алды «Ақ көйлек кимегеніме өкінемін»: Зарина Кармен тойының болмау себебін айтты «Өз үйімізде жүргендейміз». Шетелдік тілші ШЫҰ саммитіндегі жұмысы туралы айтты «Әкімшілік жауапкершілікке тартылады»: Төреғали Төреәлі заңсыз лотерея ойнататын блогерлерге қарсы шықты «Жамбасында тістің ізі қалған»: Түркістан облысында 19 жастағы қыз күйеу жігітінің көлігінен өлі табылды «15 құрсақ көтерген құдағайыма жол бердім»: Жеңіс Ысқақова немересін бесікке салды (ВИДЕО) ҚР Мемлекеттік рәмізі Елтаңба өзгертілмейтін болды Түркістан облысында алғаш рет жаңа туған нәрестенің жүрегіне ота жасалған Fix Price компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына көшті ШЫҰ Бас хатшысының рөлін күшейту ұсынылды Бейжіңде қазақ мәдени орталығы ашылады – Аида Балаева ҚР Ғылым және жоғары білім министрі мен ҚХР Білім министрінің екіжақты кездесуі өтті Алпауыт державалар текетіресте болған кезде, Қазақстан өте маңызды рөл атқара алады - Антониу Гутерриш «Өтемақыны қарапайым жер ретінде есептеген»: БҚО-да ерекше алма бағын қалпына келтіруге 1,5 млн доллар керек Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беруде өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады ШЫҰ қызметі реформалануы мүмкін бе – Бас хатшы жауабы Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды