Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беруде өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

04.07.2024, 11:36
606
Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беруде өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚХР білім министрі Хуай Цзиньпэнмен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Екі тарап техникалық және кәсіптік білім беру саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, кездесуде қос дипломдық білім беру мен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, екі елдің студенттері мен оқытушыларының тағылымдамадан өтуі, колледждерді инновациялық дамыту бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыру туралы айтылды.

«Қазақстан үкіметі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті маман дайындауға аса көңіл бөлуде. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қазақстандық студенттердің 65%-ға жуығы тегін білім алуда. Кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кадрларды мақсатты әзірлеу, сондай-ақ еліміздің әрбір макроөңірінің тапсырысы бойынша колледждерді бейіндеу жүргізілуде. Қазақстандық колледждер халықаралық аккредитациялаудан өтуде. Біз бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейтуді көздеп отырмыз», — деді Ғани Бейсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 772 колледжде 540 мыңнан астам студент білім алуда. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есеге жуық артты, оның ішінде 70 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталды. 518 кәсіпорын 410 колледжді өзінің қамқорлығына алып, кеңес құрамында колледжерді басқаруға қатысып келеді. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру, әлемдік үздік кәсіби стандарттар мен тәжірибелерді енгізу мақсатында елімізде жыл сайын WorldSkills чемпионаты өткізілуде. Өткен жылы өз тарихында тұңғыш рет біздің студенттеріміз EuroSkills халықаралық додасында тамаша көрсеткішке қол жеткізді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады