1522

«Оқи беремін де»: Индира Расылхан хиджабын сөз еткендерге жауап берді

Әнші орамалын ешқашан тастамайтынын айтты.

«Оқи беремін де»: Индира Расылхан хиджабын сөз еткендерге жауап берді
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Индира Расылхан “неге хиджаб киесің” дегендерге жауап берді. Бұл туралы KYN.KZ жазды.

Дінге бет бұрған әнші ән айтуды қойып кеткен болатын. Жақында ол үлкен сахнаға қайта оралған.

"Неше түрлі коментарий оқып жүрмін, оқи беремін де. Біздің әжелеріміз жабынған деп көп айтасыздар ғой, біздің қазақ әйелдерінен бөлек, басқа ұлт өкілдерінің әйелдері де орамал таққан", – деп жазды әнші. 

Бұған дейін әнші өзіне дуа жасалған соң сахнадан кеткенін айтып еді. Ол өзіне қол жұмсамақ болғанын, тіпті Түркияға барып емделіп келгенін айтты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор