ҚР Ғылым және жоғары білім министрі мен ҚХР Білім министрінің екіжақты кездесуі өтті

04.07.2024, 13:30
579
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі мен ҚХР Білім министрінің екіжақты кездесуі өтті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

3 шілде күні Қытай Халық Республикасының Президенті Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Қытай Халық Республикасының Білім министрі Хуай Цзиньпэнмен екіжақты кездесуі өтті.

Саясат Нұрбек өзі сөзінде Хуай Цзиньпэнді екі ел басшыларының қатысуымен Astana International University базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалының ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ Л. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Лу Банның екінші шеберханасын ашып жатқаны үшін алғысын білдірді.

Кездесу аясында тараптар екі ел арасында студенттердің білім алмасуы, Қазақстан азаматтары үшін Қытай тарапынан бөлінетін гранттар санын ұлғайту туралы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ еліміздегі Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының (CityU, BLCU және ЖМПУ) филиалдарына гранттар (стипендиялар) бөлуге, ҚХР жоғары оқу орындары жанындағы зерттеу және ғылыми орталықтарда қазақстандық ғалымдардың (500 ғалым) ғылыми тағылымдамадан өтуіне жәрдемдесу туралы мәселелер көтерілді.

«Бүгін екі жақты келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екі ел арасында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық та нығайып келе жатқандығын баса атап өтті. Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалының және екінші «Лу Бань шеберханасы» ашылуының куәсі болдық. Оқу орындары жақын арада өз нәтижесін көрсетеді деп үміттенеміз. Бүгін Қазақстан үшін де, Қытай үшін де айтулы күн деп айтуға болады», - деді Саясат Нұрбек.

Қытай Халық Республикасының Білім министрі Хуай Цзиньпэн өз кезегінде Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алатын қазақстандық жастардың саны, жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуы, ғылым саласындағы бірлескен жобалар екі ел ынтымақтастығының нығайуының нышаны екендігін атап өтті.

Қытай министрі екі елдің жоғары және кәсіптік оқу орындарымен академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мақсатында және саланың өзекті мәселелері бойынша ҚР және ҚХР уәкілетті ведомстволары арасында тұрақты тікелей байланыстар орнату үшін білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитетті құру перспективасын қолдайтындығын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар талқыланған мәселелер екіжақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беретініне айрықша тоқталды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды