«Бала асырап алуға дайын емеспін»: Елдос «Колобоктың» әйелі өзіне жиі қойылатын сұраққа жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
16.07.2024, 18:30
5967
«Бала асырап алуға дайын емеспін»: Елдос «Колобоктың» әйелі өзіне жиі қойылатын сұраққа жауап берді жеке парақшасынан

әзілкеш Елдос Кәдірхановтың әйелі, блогер Таңшолпан Шотаева оқырмандарды алаңдатқан сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы “Әсембике” бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірінен сыр шертті. 

“Елдостың диагнозын екеуміз үйленбей тұрған кезде білдім. Ол кезде қатты мән бермедім. Қазір медицина дамыған заманда, ЭКО арқылы да көтеруге болады. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойладым. Сол ойыма сендім. Кішкентай күнінде отаны сәтсіз жасап, осындай диагнозы пайда болды. ”Үйленгеннен кейін түрлі дәрігерге қаралдық. Түркияға барып, емделіп келдік. Қайта-қайта ота жасады. Нәтижесіз аяқталғанда екеуміз де қатты қиналдық. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, келе жатырмыз. Ол жылағанда мен жұбатамын. Мен көңілсіз болғанда ол жанымнан табылады. Солай өміріміз өтіп жатыр”, – деп күрсінді желі жұлдызы.

Сонымен қатар блогер бала асырап алыңдар деп ақыл айтатындарға да үндеу жасады.

“Бала асырап алуға дайын емеспін. Менің қорқынышым бар. Біреудің баласын асырап алып, кейін оған ауыр сөз айтып қалсам, ұрып жіберсем ше деген ой болады. Қазақ тек әйелді ғана кінәлайды ғой. Бірақ біздегі жағдай мүлдем басқаша. Сен емделіп, тексеріл деп маған неше түрлі гинеколог пен емшілердің нөмерін жібереді. Бала болса да, болмаса да осы күніме шүкір деймін”, – деді блогер. 

«Ертерек үйлену керек»: Сәкен Майғазиев ұлының туған күнінде әсерлі жазба жариялады Кісі өлтіру, атыс, күзетші мен ер адамның жанжалы: Алматыдағы сауда үйінің біріне қатысты бірқатар қылмыс тергеліп жатыр «Туғанына 40 күн толғанда ажырасып едім»: Динара Қырықбаева қызының туған күнін атап өтті «Тағы ажырасты»: Сейфуллин Жолбарыстың әйелі жазбасымен елді ойландырып қойды Танымал әнші бір күнде анасы мен әпкесінен айырылды «Қара жамылғандарға қарсымын»: Нұрлан имам теріс ағым өкілдерін сынады «Ақтық демім қалғанша қорғаймын»: Қалдыбек Құрманәлі қызына қолдау көрсетіп жатқанын айтты «Әйелінің намысы жоқ екен, жыртыңдап отыр»: Жанқош Тұраровтың әйелі оңбай сөз естіді «Суыртпақтап лас әңгімеге тартады»: Дана Нұржігіт Алмас Өтешовті «алқаш» етіп көрсеткен журналисті айыптады «Топас түсініктеріңізді өз қыздарыңызға тықпалаңыздар»: Заңгер Ләззат Ахатова зорланған Әнару Қалдыбекқызы туралы Әкімнің орнында уақытша отырған шенеулік жемқорлық жасап үлгерген «Азаттық радиосының» Қазақстандағы орыс редакциясы жабылады «Миы шайқалған»: Студентті соққыға жыққан халық әртісі сотталды «Атақты кісінің туған баласы»: Шетел асып кеткен Жәнібектің туғандары жайлы сұмдық ақпарат тарады Актриса Нұргүл Мыңғатова жақында күйеуге шығатынын айтты «Қыздың психикалық ауытқулары болуы мүмкін»: Жанқош Тұраровтың адвокаты зорландым деген Әнару туралы Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді «Ауа температурасы жоғарылайды»: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды «9 айында мама деді»: Төреғалидің қарындасы желіде жақсы жаңалығын жария етті «Қыздың жасы 18-де»: блогер Нұрила Ақберген туған күнін дүркіретіп атап өтті (ВИДЕО)