Кісі өлтіру, атыс, күзетші мен ер адамның жанжалы: Алматыдағы сауда үйінің біріне қатысты бірқатар қылмыс тергеліп жатыр

27.08.2024, 19:41
828
Кісі өлтіру, атыс, күзетші мен ер адамның жанжалы: Алматыдағы сауда үйінің біріне қатысты бірқатар қылмыс тергеліп жатыр бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы сауда үйдің бірінде болған ұрып-соғу, оқ ату және кісі өлтіру көріністері бар видеолар тарады. Полицейлер зорлық-зомбылық оқиғаларына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақпарат көздері видеоны қаладағы сауда орталықтарының бірінің жалға алушылары таратып жатқанын айтады. Алматы полиция департаменті қалада биыл және былтыр болған әртүрлі оқиғаның бар екенін айтты.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, видеолардың бірінде жеке өшпенділік негізінде жасалған кісі өлтіру көрсетілген. Осы қылмысқа күдікті ретінде бұрын сауда үйінде күзетші болып жұмыс істеген М есімді азамат ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Тағы бір видеода сауда орталығының күзетшілері мен ғимаратқа рұқсатсыз кірген жүк көлігінің жүргізушісі арасындағы жанжал көрінеді. Осы жанжал кезінде күзетші жүргізушінің бетінен ұрған. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда полицейлердің айтуынша, оқиғаға қатысушылардың ешқайсысы құқық қорғау органдарына хабарласпаған. Бұл оқиға 2023 жылдың тамыз айында болған.

Сонымен қатар видеороликтердің бірінде сауда үйінің күзетшісі сол М-ның әкімшілікпен мәселені талқылауға жиналған бір топ адамға оқ атқаны байқалады. Атыс салдарынан ерлердің бірі жараланған. Бұған қарамастан полицияға да мәлімдеме жасалмаған. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға 2023 жылдың шілде айында болған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Бұдан бөлек жалға алушы мен сауда ғимаратының күзетшісі арасындағы жанжал, оның барысында жалға алушының жарақаттануы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күзетші қамауға алынып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл оқиға 2024 жылдың тамыз айында болған.

Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын пышақтап тастаған (ВИДЕО) Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың өзі шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды