«Қыздың психикалық ауытқулары болуы мүмкін»: Жанқош Тұраровтың адвокаты зорландым деген Әнару туралы

Аиса Махамбет Редактор
27.08.2024, 10:29
1464
«Қыздың психикалық ауытқулары болуы мүмкін»: Жанқош Тұраровтың адвокаты зорландым деген Әнару туралы бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда боксшы Жанқош Тұраровтың адвокатының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті. Боксшының қорғаушысы Самат Мамутов қорғауындағы адамға тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып отыр. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, адвокат Әнару Құрманалиева айтқан ақпараттың бәрі жалған дейді. 

“Құрманалиеваның бұлай жасауына қатысты бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз. Олардың бірі ауру немесе психикалық бұзылыс, екіншісі – танымал болу үшін хайп жасау немесе біреудің тапсырысы. Басқа факторлар болуы да мүмкін”, – деді Мамутов. 

Мамутовтың айтуынша, 20 тамызда қыз ақпаратты жария етпеу туралы құжатқа қол қойған, бірақ соған қарамастан ол БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, шартты бұзған.

"Бұл мәселені сот арқылы шешеміз. Егер қыздың айтқанының бәрі өтірік болып шықса, іскерлік беделге нұқсан келтіргені үшін сотқа береміз", – деді ол.

Адвокат Жанқош Тұраровтың Құрманалиеваны танитынын растады. Бірақ олардың қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтпады.

"Екеуі бір-бірін әлеуметтік желі арқылы таниды. Бірақ қандай хат-хабар алмасқанын білмеймін. Тұраровтың қызға құзырлы органдардан арызын қайтарып алу үшін ақша ұсынғаны туралы ақпарат та шындыққа жанаспайды. Егер кінәсі болмаса, не үшін ақша ұсынады. Сіздерге қылмыстық іс материалдарынан ешқандай ақпаратты ашық айта алмаймын, өйткені біз жария етпеу туралы құжатқа қол қойдық", – деді адвокат. 

Жанқош Тұраровтың адвокаты Әнару Құрманәлиева полицияға тексеру үшін бірнеше рет арыз бергенін айтты.

“Арызданушы Әнару Құрманәлиеваға байланысты интернетте тараған бейнематериалдар бойынша тергеу жүргізуді сұрап, полиция бөліміне хабарластық. Тиісті сұраныстар жіберілді. Егер бұл деректерде сенімді дәлел табылса, құқық қорғау органдары бізге жауап береді”, – деді адвокат. 

Адвокаттың айтуынша, интернетте тараған видеоматериалдарға және басқа да мәліметтерге сәйкес, арызданушы Әнару Құрманәлиева 2024 жылдың 19 тамызында сағат 22.00-де Әуезов аудандық ішкі істер бөліміне мас күйінде арызданған.

"Ол жерде Әнару басқа адамдармен жанжалдасып, балағат сөздер айтқан. Сондай-ақ ол жартылай жалаңаш күйде болған. Осы мәселе бойынша полицияға сұраныс жіберілді. Аталған мәліметтерді тексеріп, полиция ғимаратындағы бейнебақылау камераларынан видеоға түсіріп, іске тіркеп, тексеру жүргізіп, оған құқықтық баға беріп, жаза тағайындап, тергеушіге арыз бердік. Осы деректер негізінде қайтадан тексеруге өтініш берілді. Деректер расталғаннан кейін іс бойынша сот-психологиялық және наркологиялық сараптама жүргізу туралы ұсыныспен өтініш берушіге хабарласамыз. Бізге оның психотроптық заттарды қабылдағаны туралы ақпарат келіп түсті”, – деді Мамутов. 

Баспасөз мәслихатында Жанқоштың өзі болмаған. Боксшының өкілдерінің айтуынша, ол қазір 28 қыркүйекте Алматыда өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр. Алайда адвокат Жанқош қыздың барлық айыптарын толығымен жоққа шығарып, өзін кінәсіз санайтынын айтты. Ол журналистерден тергеу нәтижесін күтуді сұрады.

Сондай-ақ ол Жанқош Тұраровтың өз аты мен абыройын қорғауға ниетті екенін айтты. Бойжеткенге жала жабылған жағдайда, олар оны жауапқа тартуға уәде берді.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды