Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

27.08.2024, 09:50
981
Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді Global Look Press

Францияда сөз бостандығы бар деп ақталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты ұстауға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл – француз билігінің алғашқы қоғамдық пікірі. 

– Мен Павел Дуров қамауға алынғаннан кейін Франция туралы жалған ақпаратты оқып жатырмын. Франция сөз және коммуникация еркіндігіне, инновация мен кәсіпкерлікке бұрынғыдан да көбірек еркіндік берген. Солай болып қала береді, - деп жазды Макрон X әлеуметтік желісінде.

Дуровтың Францияда ұсталғаны 25 тамызға қараған түні белгілі болды. Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дуров Бакуден жеке ұшағымен келген Ле-Бурже әуежайында ұсталған.

– Заң үстемдігі жағдайында, нақты өмірдегі сияқты әлеуметтік желілерде азаматтарды қорғау және олардың негізгі құқықтарын сақтау үшін бостандықтар заңмен белгіленген шеңберде жүзеге асырылады. Францияда Telegram басшысын қамауға алу – жүргізіліп жатқан сот тергеуі аясында орын алды. Бұл саяси шешім емес. Шешімді судьялар қабылдайды, – деп қосты Франция президенті.

Telegram негізін қалаушысында Ресеймен қатар Франция азаматтығы да бар. Сондай-ақ оның Сент-Китс пен Невис аралды мемлекеті, сондай-ақ Telegram штаб-пәтері орналасқан БАӘ азаматтығы бар екені хабарланды.

Француздық TF1 телеарнасының хабарлауынша, Дуров Францияда іздеуде жарияланғаннан кейін, біраз уақытқа дейін елге барудан бас тартқан. Оның бұл жолы Францияға не үшін барғаны белгісіз.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды