«Азаттық радиосының» Қазақстандағы орыс редакциясы жабылады

27.08.2024, 13:14
1243
«Азаттық радиосының» Қазақстандағы орыс редакциясы жабылады Azattyq

Азаттықтың орыс тілді редакциясына қатысты ақпарат пайда болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Азат Еуропа/Азаттық радиосы халықаралық медиа компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Ари Голдберг Қазақстандағы редакцияның алдағы жұмысында өзгеріс болатынын хабарлады.

Қазнетте алдымен, Азаттық радиосы “орыс редакциясын жабады” деген ақпарат тараған. Ulysmedia.kz тілшісіне Ари Голдберг нақты қандай өзгеріс болатыны жөнінде мәлімет берді.

 

– Азаттық радиосы бүкіл Орталық Азияға ұлттық және орыс тілінде тәуелсіз әрі бейтарап жаңалықтарды таратуды толық құптайды. Біз ішкі құрылымдар мен процестердің барынша тиімділігі мен нәтижелі болуын қамтамасыз ете отырып, ең маңызды жаңалықтарды орыс тілінде тарату бағытында жұмысты күшейтіп жатырмыз. Бүкіл Орталық Азияны, оның ішінде Қазақстанды қамтитын жаңа аймақтық бөлімшені құру үшін біз барлық ресурстарымыз бен күш-жігерімізді біріктіріп, сол арқылы қайталауды азайтып, ең үздік журналистикаға ары қарай инвестиция саламыз. Біз жергілікті және аймақтық деңгейде маңызды оқиғаларды тарату кеңістігін ұлғайтамыз деген үміттеміз, – дейді Ари Голдберг.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) Қазақстан сыртқы істер министрлігімен осы елдегі тілшілерінің аккредитациясы мәселесі бойынша келісімге келген еді. 30 қаңтарда Азат Еуропа/Азаттық радиосы - Қазақстан өкілдігі (RFE/RL-Қазақстан) Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына арыз түсірген. Арызда өкілдік Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеген немесе аккредитация мерзімін ұзартпаған Қазақстан СІМ-нің шешімін заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған.

Азаттық радиосы Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Таяу Шығыс елдерінде 27 тілде хабар таратады. Бұқаралық ақпарат құралының миссиясы – еркін баспасөз қызметіне билік тыйым салған немесе шектелген елдерде нақты, цензурасы жоқ жаңалықтарды ұсыну арқылы демократиялық құндылықтар мен институттарды ілгерілету.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды