Қазақстанда VIP-түрмелер пайда болуы мүмкін

21.06.2024, 13:40
883
Қазақстанда VIP-түрмелер пайда болуы мүмкін ritzcarlton.com

Халықтан жиналған салықтан қылмыскерлер үшін VIP–түрмелер салына ма?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осыдан 10 жыл бұрын сол кездегі ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форматында тұрмыстық жағдайлары жақсартылған алты түрме салу туралы мәлімдеген болатын. Алайда, қымбатшылыққа байланысты үкімет бұл жобадан бас тартты. Қазір, атышулы сотталған экс-шенеуніктерге байланысты жеке түрмелер туралы ойларды қайтадан талқылана бастады. Бұл туралы «Голос народа» жазды.

Бастапқыда жекеменшік медицина мен білім беруді дамытуға ықпал ететін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) Қазақстанда танымал болды. 2011 жылы колониялар ішіндегі өндіріс пен қызметтен түсетін кірісті есептей отырып, МЖС аясында түрмелер салу ұсынылды.

«Жеке түрмелерде медициналық блок, мектеп, дүкені бар мәдениет және спорт орталығы, кітапхана, шаштараз және акт залы болады деп жоспарланған болатын. Тұтқындар әрқайсысы 46-48 адамға есептелген 15 тұрғын үй блогында тұруы керек еді. Шын мәнінде бұл көп жұлдызды қонақ үйге ұқсайды» делінген басылым хабарламасында.

2014 жылы алты жекеменшік түрме салу туралы хабарланғанымен, 2017 жылы 25 миллиард теңгеге бағаланған нысанның  құны жоғары болғандықтан жоба тоқтатылды.

Осыған қарамастан, ішкі істер министрлігі жеке түрмелер мүмкіндігін қарастыруды жалғастыруда. 2021 жылдан бастап инвестормен бірге МЖС тетігі арқылы жаңа аралас қауіпсіздік институттары жобасы әзірленуде. Жобаны мақұлдау туралы өтінішпен Қазақстан президентінің атына хат жолданды. Бекітілсе, 2024-2026 жылдары Маңғыстау облысында халықаралық стандартқа сай 1500 орындық жаңа түрме салу жоспарлануда.

Қазақстандағы қазіргі түрмелердің көпшілігі 1930-1980 жылдар аралығында салынған, әбден тозығы жеткен. Тозығы шыққан түрме сотталғандардың еңбек әлеуетін жүзеге асыруға кедергі жасайды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруда, бірақ жаңғыртуға қаражат жеткіліксіз.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)