Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
11.04.2025, 14:50
930
Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты жеке мұрағатынан

Әншінің ұлы Жаңаөзеннің қызымен кездесіп жүргені анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйленуіне қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Айта кетейік, желіде Әдия Мәулен есімді ару әншінің ұлымен жұп болып жүргендерін салған еді. 

“Той тойға ұласа берсін! Жақында Жанар Айжанова апамыз Айжұлдызды ұзатпақ. Ол кезде Нұржан Төлендиев келін түсіреді. Бізді сол жаққа шақырып қойды. Екеуі қатар келіп тұр. Біздің үйде де тойдың ауылы алыс емес. Әлеуметтік желі шулап жатыр екен. Динара екеуміз де жаңалықтардан білдік. Ағайын-туыс бізге хабарласып, құттықтап жатыр. Тойда жолығайық”, – деді әнші. 

Еске салайық, Әділет Майғазиевтің таңдауы жаңаөзендік аруға түскен. 

“Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақүй бизнесі. Колледж бітіргенмін”, – деген еді болашақ келін. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды