Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ

Аиса Махамбет Редактор
11.04.2025, 17:37
541
Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ Getty Images

Бұл шешім америкалық фильмдердің табысын едәуір қысқартатыны айтылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытай билігі бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай тауарларына қосымша тариф енгізу шешіміне жауап ретінде Голливуд фильмдерінің елге импортын шектейтінін мәлімдеді.

Reuters агенттігінің мәліметінше, соңғы отыз жыл бойы Қытай жылына шамамен 10 ірі америкалық фильмді елге кіргізуге рұқсат беріп келген. Алайда бейсенбі күні Қытайдың Ұлттық кино басқармасы Голливуд фильмдерінің болашақтағы импорт көлемінің қысқаратынын мәлімдеді.

Дегенмен сарапшылардың пікірінше, оның экономикалық әсері шектеулі болмақ. Себебі соңғы жылдары Қытайдағы Голливуд фильмдерінің кассалық табысы күрт төмендеген.

Бұған дейін Голливуд Қытайды әлемдегі екінші ірі кино нарығы ретінде стратегиялық маңызды бағыт деп қарастырып келген. Алайда соңғы жылдары отандық кинотуындылар америкалық фильмдерден басым түсіп жүр. Мәселен, 2025 жылы жарық көрген қытайлық анимациялық фильм «Нэчжа 2» (Nezha 2) Disney/Pixar студиясының «Inside Out 2» (Ойжұмбақ 2) мультфильмінен асып түсіп, Қытай тарихындағы ең табысты анимациялық фильм атанды.

– Қытайдың бұл шешімі – Трамп әкімшілігіне жолданған символдық жауап. Алайда АҚШ үшін бұл экономикалық тұрғыда айтарлықтай шығын әкелмейді, – дейді салалық сарапшы әрі «Feeding the Dragon: Inside the Trillion Dollar Dilemma Facing Hollywood, the N.B.A. & American Business» кітабының авторы Крис Фентон.

Оның айтуынша, қазір Қытай нарығындағы Голливуд фильмдерінің кассалық үлесі небәрі 5 пайыз. Сонымен қатар Қытай тарапынан америкалық студияларға қайтарылатын табыс үлесі небәрі 25 пайыз, ал бұл көрсеткіш өзге елдерде орта есеппен 50 пайыз шамасында.

Фентон: «Бұл қадам – Қытайдың қатаң саяси ұстанымын көрсетуге арналған және Вашингтонның назарын аудартуға бағытталған», – деп бағалады.

Сарапшылардың айтуынша, қазір Голливуд фильмдерінің тек 25 пайызы ғана Қытай нарығына ене алады. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары Қытайдың ішкі киноиндустриясының қарқынды дамуына байланысты төмендеп келеді.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді