Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

11.04.2025, 13:31
566
Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Курьер мен клиенттің татуласқанын айтып, қазақ тілін құрметтейтінін жеткізді олар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тіл дауынан бірнеше күн өткен соң Magnum ірі бөлшек сауда желісі ресми мәлімдеме жасап, халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Әлеуметтік желіде Magnum желісі курьерінің жұмыстан қуылуы қызу талқыға түсті. Дау курьердің тұтынушыдан қазақ тілінде сөйлеуді талап етуінен басталған. Ал кейін компания басшылығы оны жұмыстан шеттеткен. Осыдан кейін қазақстандықтар компанияға бойкот жариялап, шағымдана бастады. Ұзаққа созылған талқыдан соң “Magnum” компаниясының топ-менеджері Нияз Шапақов ресми мәлімдеме жасап, халықтан кешірім сұрады.  Ол компанияның қазақ тілін құрметтейтінін айтты. 

"Бұл жағдай елді дүрліктіріп, мазасын алғаны үшін өкініш білдіреміз. Magnum басшылығы атынан барлық құрметті клиенттеріміз бен отандастарымыздан шын жүректен кешірім сұраймыз! Халқымыз ұстамдылық және парасаттылықпен кез келген дауды шеше білген. Қазір қызметкер мен клиент арасындағы түсініспеушілік толығымен жойылды.

Олар қол алысып татуласты. Бір-біріне өкпе-реніші жоқ. Ал курьер жұмысын жалғастырып жатыр. Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз басты құндылығымыз. Оны білу әрқайсымыздың асыл парызымыз”, – деді Нияз Шапақ. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды