«Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен

11.04.2025, 14:15
1169
«Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен бейнежазбадан алынған кадр

Жақын маңдағы жұмысшы жігіттер әйелге араша түскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 45 жастағы әйелді “құдасы” көшеде темір дубинкамен сабап кеткен. Соның салдарынан Галина Борзованың басы жарылып, қолы сынған. Ол осындай жарақатына қарамастан, полициядағылар істі денеге жеңіл жарақат келтіру бабы бойынша ғана қарағанына наразы. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы жеткізді. 

Галина Борзова жұмысынан қайтып келе жатқанда оны біреу оңдырмай ұрып кеткен. Салдарынан келіншектің қолы сынып, басы жарылған, оң жақ аяғы көгерген. Көшеде оған жақын маңдағы көлік жөндеу орталығының жігіттері араша болған. 

“Жұмыстан алаңсыз шығып келе жатқанмын. Артымнан біреу аңдып жүргендей болды. Бұрылып қарап едім, күртеше киген, бетін тұмшалаған ер адамды көрдім. Мән бермей, үйге қарай асықтым. Бір сәтте басымнан дубинкамен салып қалды. Бұрылып үлгергенімше ұра бастады. Оң жақ бетім қан жоса болды”, – деді жәбірленуші Галина Борзова.

Жәбірленушінің айтуынша, соққыға жыққан ер адам құдағиының азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі екен. 

“Есімді жисам, құтқарып қалған жігіттер мені ұрған азаматты ұстаған екен. Бірден кім екенін білгім келді. Қарасам, ескі танысым. Бұл азаматпен бұрын-соңды дау-дамай туындамаған. Тіпті 4 жылдан бері ара-қатынасымыз үзілген. Ешқандай өкпе-реніш жоқ. Неге олай болғанын түсінбедім”, – деді әйел.

Түрксіб аудандық полиция басқармасы “Адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру” дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда жәбірленуші бұған келіспейді. Ол істің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша қаралғанын қалайды.

45 жастағы келіншек ту сыртынан шабуыл жасаған “құдасының” әрекетін әлі де түсінбейді. Ол өзін аяусыз ұрған ер адамның әділ жаза алғанын қалайды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды