Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды

11.04.2025, 11:33
665
Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды чаллы.рф

Олар арнайы жасалған жалған видеолар арқылы ұлтаралық араздық пен әлеуметтік толқулар туғызбақ болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) елдегі тұрақтылықты шайқалтуды көздеген мемлекеттік төңкеріс әрекетінің алдын алды.

Комитет таратқан мәліметке қарағанда, бір топ адам арнайы жасалған жалған видеолар арқылы ұлтаралық араздық пен әлеуметтік толқулар туғызбақ болған. Сол видеолардың бірінде шетел азаматтары жартылай жалаңаш қырғыз қызын ұрып жатқан көрініс көрсетілуі тиіс еді. Бұл әрекет арқылы олар қоғамда патриоттық көңіл күйді қоздырып, жастарды жаппай наразылыққа итермелеуді мақсат еткен.

ҰҚМК өкілдері мұндай арандату әрекеттері алдын ала жоспарланғанын, ал оған қатысушылардың кейбірі қаруланып, арнайы дайындықтан өткенін хабарлады. Олар тек жалған ақпарат таратуды емес, сонымен қатар шетелдіктер тұратын аудандарда қақтығыстар ұйымдастырып, құқық қорғау органдарына шабуыл жасауды да көздеген.

Қауіпсіздік қызметі мұндай жоспарлар елдің қазіргі билігіне деген сенімді әлсіретуге бағытталғанын атап өтті. Аталған әрекеттер шетелден үйлестіріліп, қаржыландырылған болуы мүмкін.

Оперативтік шаралардың арқасында топ мүшелері қолға түсті. Дегенмен, ұйымдастырушылардың бірі, алдын ала болжам бойынша, қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінде жасырынып жүруі мүмкін.

Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, конституциялық тәртіп пен азаматтардың құқығын қорғау мақсатында ҰҚМК кез келген арандатуға қатаң тосқауыл қойып келеді. Азаматтарды ұлтаралық татулыққа сызат түсіретін әрекеттерге бой алдырмауға шақырамыз, — делінген ведомство хабарламасында.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды