Қазақстандық телеарна журналисі орысша сөйлейтін қазақтарды «құл» деп атап, басы дауға қалды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
07.08.2024, 19:51
2863
Қазақстандық телеарна журналисі орысша сөйлейтін қазақтарды «құл» деп атап, басы дауға қалды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Қазақстандық телеарна журналисі Азамат Әбілқайыр Түркияда демалып жүрген видоесын жариялады. Ол шетелде түсірілген бейнеде орысша сөйлейтін қазақтарды «құл» деп атаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Түркия әуежайына жиналған әр ұлт өз тілінде сөйлеп тұр, ал бишара қазақ қана орыс тілінде шүлдірлеп тұр дейді. 

"Міне, біз Анталия әуежайына келдік. Айналамда адамдар өте көп. Неше түрлі ұлттар мен қаншама елден келген адамдар толып жүр. Әрқайсы өз тілінде сөйлейді. Тек бейшара қазақтар ғана орыс тілінде шүлдір-шүлдір етеді. Соншама құл, соншама сорлы болғанда да сүйектен өтіп кеткені жаман екен ғой. Тіпті орыстар орысша, түріктер түрікше, испандар испанша, француздар французша сөйлеп жүр. Тіпті өз ағам өзбекше, қырғыз бауырларымыз да өз тілінде сөйлейді. Тек қазақтар ғана орысша шүлдірлеп тұр. Соншама сорлы, соншама бишара болуға бола ма? Тап осы Антальяның аэропортында, тап осы Түркияда орыс келіп желкеңнен түйгіштеп түрған жоқ”, – деді журналист.

Журналист басқа халықтың салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеу керегін айтты. Сондай-ақ ағылшын тілі сияқты шет тілдерін білу қажеттігін мойындайтынын жеткізді. Алайда, видеоның соңында ол орыстілді қазақтарға қарата "құлдар" деген сөзді қайталап айтты. 

 

Журналистің желіде жасаған мәлімдемесі қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары наразылықтарын білдіріп, Әбілқайырды дөрекі әрі қорлайтын сөздері үшін айыптады.

Журналистің сөзіне саясаттанушы Ғазиз Әбішев жауап берді. Ол ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті құрметтеу дәрежесін қарым-қатынас тілі анықтамайтынын жеткізді. 

"Қазақстан Конституциясының 19-бабының 2-тармағында "Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар" делінген. Бұл қағиданы Негізгі Заңда бекіту оны жүзеге асырушылардың заңмен шектеліп қана қоймай, жалпыға бірдей моральдық нормаларды бұзбауын білдіреді", – деп жазды Әбішев.

Сондай-ақ басқа ДА желі қолданушылары мәлімдемеге өз пікірлерін жазып қалдырды.

"Егер сені бұл мәселе қатты алаңдатса, бір шешімін тап. Үгіт-насихатыңды жүргіз. Президентке үндеу жібер. Алайда экран арқылы ойыңа не келсе соны айтпа”, “Бәрі орыс тілінде сөйлеп жүрген жоқ. Біз қазақ тілінде сөйлесеміз. Қай тілде сөйлессе де әркімнің өз еркінде”, – деп жазды олар. 

Өткен жылдың қазан айында ТМД-ға мүше мемлекеттің басшылары кеңесінің отырысында Тоқаев орыс тілінің маңыздылығын атап өткенімен, қазақ тілінің мәртебесін нығайту керегін айтқан еді. Сондай-ақол қазақ тілін одан әрі дамыту әрқашан мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының қатарында болатынын мәлімдеді.

Биыл сәуір айының ортасында Оқу-ағарту министрлігі орыстілді балалар мен басқа елдерден келетін балаларға қазақ тілін үйрететінін хабарлады. Осы мақсатта бөлім балабақшалар мен мектептерде "қазақ тілін ерте меңгеру" бағдарламасын жасайды. Шенеуніктер бұл "жас азаматтардың бойында қазақы бірегейлікті" қалыптастыруға септігін тигізетінін айтқан еді. 

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)