Еуропа елдері ашаршылықты Украинаға жасалған геноцид деп таныды

19.05.2023, 11:58
899
Еуропа елдері ашаршылықты Украинаға жасалған геноцид деп таныды smartnews.kz

Алайда оны қазақ халқына жасалған геноцид деп ресми тану үрдісі әзірге жоқ.

1931-1933 жылдары Қазақстандағы зұлмат Украинадағыдан  артық болмаса, кем болған жоқ. Соңғы бірнеше жылдың барысында әлем елдері Украинда болған ашаршылықты сол халыққа қарсы жасалған геноцид деп ресми түрде танып жатыр. Сталин режимі украин халқын мақсатты түрде әдейі қудалады, қолдан ашаршылық ұйымдастырып қырғынға ұшыратты деп таныған мемлекеттердің саны жиырмадан асады. 

Солай деп танығандардың бірі – Франция. Осы аптаның 17-мамырында Франция Сенаты ашаршылықты украин халқына қарсы жасалған геноцид деп тану турлы резолюцияны мақұлдады. Құжат дауысқа салынғанда 343 сенатордың 327-і қолдады, 16-сы қарсы дауыс берді.  Украина президенті мұны әділдікті қалпына келтірудегі маңызды қадам деп атады. Қабылданған резолюцияда 1932-1333 жылдарғы ашаршылық, күштеп қоныс аудару, миллиондаған украиндықты рет-ретімен қырғынға ұшырту кеңес билігінің қолымен жасалып, украиндық болмысты жоюды мақсат етілді делінеді. Геноцид деп наурыз айында Франция парламентінің төменгі палатасы – Ұлттық жиналыс таныған болатын, ал енді бұл құжатты Франция сенаты бекітіп отыр.

Франциядан бұрын, 23-нурызда мұндай шешімді Исландия парламенті қабылдаған еді. Оның алдында украин халқына жасалған геноцид деп Германия мен Еуропарламент те таныған. Тарихта болған зұлматты 2022-2023 жылдары бірқатар елдер мен институттар айыптады. Жоғарыда аталған елдерден бөлек Болгария, Чехия, Ирландия, Молдова, Бельгия елдері геноцид деп ресми таныды. Басқа көптеген елдер украин халқына жасалған геноцид деп нақтыламағанымен  ашаршылықты адамзатқа қарсы сорақы қылмыс деп таныған. 

Украинада жыл сайын қараша айының соңғы сенбісі – 1932-1933 жылдардағы ашаршылықты, 1921-1923 және 1946-1947 жылдардағы қолдан жасалған жаппай аштықты еске алатын қарлы күн болып белгіленген.  Украина ашаршылықты украин халқына Сталиннің режимі жасалған геноцид актісі деп есептейді. Бұл туралы 2006 жылы Украина парламенті заң қабылдаған. Содан бері Украина әлем елдерін ашаршылықты КСРО-ның тек адамзатқа қарсы қылмысы деп қана емес, украин халқына жасалған геноцид деп тануға шақырады. 

Геноцид сөзі мен түсінігі заңнаманың айналымына 1948 жылы енгізілді. Сол жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының Қуғын-сүргін қылмысының алдын алу туралы Конвенциясы қабылданған. Конвенция 1951 жылы күшіне енді. Сол 1951 жылдан бері геноцид деген сөз қолданыста. Заңнамада геноцид – адамдар тобын ұлттық, этникалық, нәсілдік, діни себеппен толық немесе жартылай жою мақсатындағы қылмыс деп дәрежеленген. Геноцид ретінде адамдар тобын өлтіру, дене жарақатын салу немесе психикалық зақымдау, толық немесе жартылай жоюдың жағдайын саналы түрде қолдан жасау,  бала тууды тоқтату, жас балаларды басқа жаққа алып кету әрекеттері айтылады. 

Ашаршылықты украин халқына жасалған геноцид деп тану 1993 жылы бастау алды. 2022 жылға дейін 16 мемлекет украинаға жасалған геноцид деп ресми таныды.  Олар – Эстония, Австралия, Канада, Ватикан, Венгрия, Грузия, Литва, Польша, Эквадор, Колумбия, Парагвай, Перу, Латвия, Мексика, Португалия, АҚШ. Ал соңғы бір жылда бұл тізім күрт өсіп жатыр.

Міне, Украина ашаршылықты геноцид деп танып қана қоймай, осылай тануға әлем елдерін де жұмылдырып отыр. Қазақ халқы да ол ауыр зұлматты бастан кешті. Бірақ оны қазақ халқына жасалған геноцид деп ресми тану үрдісі әзірге жоқ. Геноцид деп тануға КСРО-ның мұрагері ретіндегі Ресей ырық бермей келеді деген әңгіме бар.

Қазақ арасында болған зұлмат жылдар жайлы дерек те, материал да жетерлік. Қуғын-сүргін тақырыбы қазақ халқы үшін де өте ауыр, оның ішінде ашаршылық он есе ауыр. Кеңес үкіметі ХХ ғасырдың басында қазақтарға екі дүркін этникалық соққы бергені айтылады. Әдейі мақсатты түрде жүргізілген саясаттың салдарынан 10 жылда қазақтың 70 пайызы қырылған. 1921-1922 және 1930 жылғы қолдан жасалған қырғын қазақ тарихына «Ұлы жұт» болып енді. Кеңес үкіметі ірі этностардың бас көтеретін сауатты тұлғаларын қуғын-сүргінге ұшыратты. ХХ ғасырдың 20 жылдары татарларды басқаннан кейін, сол кездегі ірі этностар украиндар мен қазақтарды қуғындау саясатын жүргізді. Сол кезде қазақтар жер көлемі жағынан да түркі тілдес халықтардың ішіндегі ең көп ұлт еді. Қазақтардың саны Кеңес Одағына кіретін Орта Азия республикалары халқының 60 пайызын құрайтын. Өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен халықтарын қоса алғандағы жалпы санынан көп еді. Сол кездегі кеңес үкіметінің басшылары қазақтарды білімді адамдары көп, бейімделгіш, тез жұмылдырылады деп қорықты деп жатады.

Діні және дүниетанымы бөлек Сібірге дейінгі татар, башқұрт, және басқа түркі тілдес халықтардан сескенгендіктен ерекше шара көру керек деп ұйғарған большевиктер елдердің бар малын сыпырып алған. Қарсы келгендерін түгелдей отбасымен, ауылымен қырғынға ұшыратқан. Халық шет елге қашып, ал үлгіре алмағандар аштан қырылған.

1921-1922 жылдары 4,2 миллион халықтың 1,2 миллионы аштан өлді. 1930 жылдары күшпен ұжымдастыру саясатымен шаруалардың қолда бар қалған малын тағы тартып алып, қазақтар басқа халықтарға қарағанда тағы бір аштықтың зардабын шекті. Халықтың дүние-мүлкі, құрал-сайманына дейін милицияның айдауымен алып, адамдар талшықсыз қалып, аштанқырылған.

1933 жылы 40 миллион малдың оннан бірі ғана қалған. Аштықтан, жұқпалы аурудан және күйі жоқтықтан табиғи өлім де көп болғандықтан, қазақтар 2 миллион 400 мың адамынан айырылған делінеді. Бұл сол кездегі қазақтардың 49 пайызы еді. Кей деректерде халықтың үштен екі бөлігі жойылғаны келтіріледі. 

1930-шы жылдардың басындағы аштық Қазақстанның тарихында болмаған шығын мен қаза әкелді. Тіршілік көздері болған малдарын тәркілеп, жастарын жалақысыз қара жұмысқа жегіп, озық ойлы Алаш азаматтарын қуғын-сүргінге ұшыратып, қазақ халқы үшін зұлмат заман орнатты. Қазақтың саны 1913 жылы 6 миллион болған. Ал елуінші жылдардың соңында 2,5 миллион болды. Кеңес саясатының салдарынан халықтың өлімі КСРО бойынша ең жоғары болған. НКВД Қазақстанда және Кеңес Одағында кең көлемді қуғын-сүргінді 1920 жылдың соңында бастады. 

Жалпы, қазақ арасында зұлмат заманнан зардап шекпеген бірде-бір әулет жоқ десек болады. Ал ізі қалмай жойылып кеткен әулеттер қаншама... Зұлмат жылдар – қазақтың жанына біткен аузы жабық жара.

Қуаныштан «Көк жигулиге» билеуге болады: Сметовтың бапкері ай сайын қосымша 4 миллион теңге алады «Салтаның құттықтауын күтті»: 90 жастағы әже немересі Салтанат Нүкенованың қазасын әлі естімеген Елімізде азық-түлік қымбаттай ма? Жүз жаса: Елімізде орташа өмір сүру жасы қаншаға жетті? «Әйелдердің толғатып жатқан видеоларын жүктеуі – ұят»: Меруерт Түсіпбаева блогер әйелдерге қатаң ескерту жасады «Енді босанғаныма қарамай ұрды»: имам 7 баласы мен әйелін үйден қуып шыққан Сағаттар жылжиды, минуттар мүлгиді: Бұрынғы уақыт белдеуіне ораламыз ба? Маңғыстауда жүкті әйелін көшеде пышақтап өлтірмек болған ер адам 15 жылға сотталды Алаяқтық үшін сотталған адам Президенттің атынан мемлекеттік награда таратқан Астанадағы ғимараттарда жазылған есірткі жарнамаларының көзі жойылды Ақтауда ер адамның басын шауып, денесін айдалаға көміп кеткен ағайынды үшеу сотталды Қазақстан импортқа тәуелді, не істеу керек әуелі? «Көйлегін басына киіп алған»: Екібастұзда мас адам мектепке басып кірмек болды Қанша астық Қытай асты? Талғарда изолятордан қашқан күдіктінің ісі: оқиғаның мән-жайы анықталды Мұнайға сенім жоқ: Ауыл шаруашылығы саласына мол қаражат бөлініп жатыр Бишімбаев ісінен соң желіде танымал болған прокурорлар мектеп оқушыларымен кездесті Республика күніне орай Астанада 1 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылады Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты кімдер алғаны белгілі болды Оқушылар күзгі каникул кезінде қандай мәдени іс-шараларға тегін қатыса алады