Германияда тәжіктер өз президентіне шабуыл жасады

03.10.2023, 12:20
528
Германияда тәжіктер өз президентіне шабуыл жасады Тәжікстан Президентінің баспасөз қызметі

Бүгінде төрт құбыласы түгел билеуші кемде-кем.

Соған қарағанда елді басқару да оңай шаруа емес. Бір адам миллиондаған адамның көңілінен шықса қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды, ал шықпаса соңынан сөз ілеседі. Билікке наразы болғандар өз алдарына қоғам құрады, қит етсе атойлап шығады. Жүрегі қатайған билеуші болса, ондай-ондайға пысқырып та қарамайды. Ал ішінде қыжылы бар адамдар билеушісінің осалдығын бетке басудан шаршамайды.

Германиядағы «Орталық Азия   Германия» саммитіне барған Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ол жақта өз оппозициясының табасына тап боламын деп үш ұйықтаса түсіне кірмесе керек. Елден жырақтап, Еуропаны мекен етіп жүрген тәжіктердің ішінде Тәжікстан президентіне қарсы адамдар бар екен. Олар оппозициялық партияның өкілдері. Яғни, Тәжікстанның Ұлттық альянсы және «24-ші  топ» деген қозғалыстың мүшелері.

Орта Азия елдерінің президенттері бармай жатып тәжік оппозициясының бір тобы Берлиндегі Тәжікстан елшілігі алдында президент Эмомали Рахмонның Германияға сапарына қарсы акция өткізді. Акцияға жиналғандар Эмомали Рахмонға саяси тұтқындарды босату және Тәжікстанда адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жайлы талап қойды. Көшеге жиналған тәжіктердің талабы жауапсыз қалды. Бұған Тәжікстанның Берлиндегі елшілігі де селт етпеді.

Ертеңіне, яғни Орта Азия елдерінің президенттері Берлинге аяқ басқан күні Тәжікстанның оппозиция өкілдері қарсылық акцияларын жалғастырды. Олар Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның кортежіне жұмыртқа лақтырды. Осының соңынан-ақ Берлинде қарсылық акциясына жиналып, президент кортежіне жұмыртқа лақтырғандардың Тәжікстандағы туыстары қудалауға ұшырады. Қарт ата-аналарын және туыстарын Тәжікстан қауіпсіздік органдары қамауға алып, тергеді. Тәжікстан соты «24-ші топ» оппозициялық ұйымын экстремистік ұйым деп таныған және оның жұмысына ел аумағында тыйым салған. Берлинде акцияға қатысқан осы ұйым мүшелерінің бесеуінің туыстары Тәжікстанда қамауға алынғаны жайлы айтылды.

Орталық Азия елдерінің президенттеріне қарсылық акциясы жалғыз Тәжікстанның ғана емес, өзге елдердің басшыларына қарсы да өткізілді. Берлинде «Орталық Азия – Германия» саммиті өтетін күні адамдар президенттер жиналатын сарай алдына барып, наразылық білдірді. Олар шетелде жүрген Орталық Азия елдерінің оппозиция белсенділері болатын. Арасында Қазақстан оппозициясының адамдары да болды.

Акцияға жиналғандар Орталық Азия елдерінің басшыларына бірқатар талап қойды. Олар бес президенттен Ресейге көмектеспеуді, Ресейдің Украинаға қарсы әскери басқыншылығын айыптауды, Орталық Азия елдеріне Ресейдің ақпараттық үгіт-насихатын дарытпауды талап етті. Олардың қойған талаптарында сөз бостандығын сақтау, журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саяси, діни және өзге себептермен адамдарды қудаламау сияқты нәрселер де бар. Билікті сынайтын қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарды елдегі парламент және президент сайлауларына қатыстыру талабын да алға тартқан. Берлинде жиналған бес елдің оппозиция өкілдері мұндай талаптарды Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Шавкат Мирзияевқа, Садыр Жапаровқа, Эмомали Рахмонға және Сердар Бердымұхаммедовке қойып отыр.

Саммит болатын күні тәжіктер президентіне қарай жұмыртқа лақтырса, өзбек белсенділері президент Шавкат Мирзияевтің кортежі өткенде «Мирзияев – Путиннің вассалы» деп айқайлады.

Таяуда Қазақстан Ресейге Батыс санкциясын айналып өтуге көмектесті деген күдікке ілінген еді. Акцияға жиналғандар соны меңзеп, Қазақстан президентінің бетіне басқандай болды. Германияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана Батыстың Ресейге қарсы санкция ережелерін бұзбайды деп мәлімдеген. Ол: «Біз санкция режимін сақтау бойынша тиісті ұйымдармен хабарласып отырмыз. Неміс тарабы санкция режимін айналып өтуге бағытталған қимыл-әрекет болады деп қауіптенбесе болады» деген. Тоқаевтың бұл мәлімдемесі көптеген елдерде қызу талқыға түсті. Ал Ресей насихатшылары болса, Қазақстан президентінің мәлімдемесін қырын қарап қабылдады, сын айтты.

Германияның Орталық Азия елдерінде геосаяси және экономикалық мүддесі бары айқындалып келеді. Осы бағытта әр тараптың жұмысы жүріп жатыр. 

 

Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады