Қазақстандағы колледж студенттерінің 70 пайызы тегін оқиды

17.03.2024, 12:10
703
Қазақстандағы колледж студенттерінің 70 пайызы тегін оқиды gov.kz

Елімізде 525 мың студент колледжде оқып жатса, олардың 70%-ы тегін оқып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды.

Бүгінде елімізде 741 колледжде 525 мың студент білім алып жатыр. Олардың 70%-ға жуығы тегін оқуда. Салалық ведомство оқу орындарының жұмысына сараптама жүргізіп, орналасқан жері мен өңірдің еңбек нарығы сұранысына сай мамандандыру шараларын қолға алмақ.

«Сараптама бірнеше техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бірдей мамандықтар оқытылатынын көрсеткен. Ең көбі Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында. Техникалық және кәсіптік білім беру бағытындағы сапаны бақылау аясында контингенті төмен колледждердің лицензиясын қайтару жұмысы қолға алынды. Былтыр 161 оқу орнының лицензиясы алынды», — деді Наталья Жұмаділдаева.

Тамара Дүйсенова аталған шаралардың маңыздылығын атап өтіп, туындауы мүмкін мәселелерді бағамдап, алдын ала әрекет ету керектігіне баса мән берді.

«Қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары. Бұл үрдіс келешекте де сақталады. Сондықтан қажеттілікке сай кадр әзірлеу маңызды. Колледждерді мамандандыру аясында ұстаздарды қайта даярлау, материалдық-техникалық базамен жабдықтау қажеттігі туындайды. Осы мәселелерді ескеру және маман даярлауда жергілікті жұмыс берушілерді мейілінше жұмылдыру қажет», — деп атап өтті вице-премьер.

«Өнерді, тойды, домбыраны харам дегені ауыр соққы болды»: Айқын өнерді тастап, дін жолына түскен әртістерді сынады «Салауат айтыңдар»: Гүлзира Айдарбекова діни кеңес берген оқырманына ашуланды «Төрт баланың анасы, жалғыз...»: Айгүл Мүкей әріптесі Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді «Еркектің кеңдігі мен даналығы»: Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын көтерді «Өз руын білсін дедім»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейге шындықты қалай айтқанын еске алды Жүре берсең, көре бересің: Жеңіл көлікке жылқы тиеп алған «22 млнға алынған үй еді»: Ырысбала халықтың ақшасына алынған үйді сатылымға шығарғандарға ашуланды Айбек Оралбай – Азия чемпионы Жаңа басшы: Ауыр атлетиканың «ауыр» кезеңі артта қала ма? Шерзаттың өліміне қатысты тергеу 2025 жылға дейін аяқталатыны мәлім болды Қоржынға қос алтын түсті Күміспен күптелген күн Ақтөбеде ерлі-зайыптыларды қағып өлтірген полицей сотталды Нұрымовтар әулетінің мәселесі Парламентте талқылана ма? Төреғали Төрәлі тағы да жиенді болды Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды «Менің адамым»: Ақбота-Нұрдың құпиясы әшкере болды «Полицейлерге пышақ тақаған жоқ»: Куәгерлер Қаржаубай Нұрымовтың тек әділ шешім сұрағанын айтты Даниал Ахметов кетті, Рыпакова келді Оралдық ана қызын сыныптастары соққыға жыққан соң мүгедек боп қалғанын айтты