«Арақ ішу зиян»: Мас күйде ұсталған қостанайлық имамның ішімдік туралы уағыз айтқан видеосы тарады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
26.07.2024, 16:25
1590
«Арақ ішу зиян»: Мас күйде ұсталған қостанайлық имамның ішімдік туралы уағыз айтқан видеосы тарады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Бурабайда ұсталған имамның уағызы желіде тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,әлеуметтік желі қолданушысы Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бахытбектің жиналған жұртқа арақтың зияны туралы уағыз айтқан видеосын жариялады. 

“Бас имамның, жоқ, кешіріңіздер қателестім, мас имамның уағызын тыңдап көріңіздер. Иә, әлгі арақ ішіп, көлік жүргізіп ұсталған имам”, – деп жазба қалдырды желі қолданушысы.

Бас имам видеода ішімдіктің адам денсаулығына зиян екенін айтқан.

“Арақ ішпе дейді. Арақ ішкен адамның денсаулығы мықты болмайды ғой. Алланың тыйымдарын қарасаңыз, оның астарында адамның денсаулығына үлкен зиян келтіретін нәрселер барын білеміз”, – дейді Тәжімбет Бахытбек.

Сондай-ақ ол көшеде, желіде өзін жарнамалап жүрген қыздар мен зина туралы сөз қозғады.

“Зина… Өздеріңіз білесіздер, қазір зина өте көп таралып кетті. Қаракөз қарындастарымыз ашықтан-ашық көшенің бойында немесе түрлі сайттарда өздерін жарнамалап жүр. Соларға барған адамдар арқылы емі жоқ аурулар тарап жатыр. Бәріне белгілі СПИД ауруын айтсақ болады. Алла құлдарына зинаға жақындама деп жатыр. Жақындаған адамдар өзі аған емес, ұрпағына дейін берілетін ауруға шалдығып жатыр”, – дейді имам.

Еске салайық, Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бахытбектің Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінен шығып, масаң күйде көлік айдап бара жатқан жерінде ұсталғаны туралы жазған едік. Ол сот қаулысымен 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады