«Омыртқам сынып, екі аяғым істемей қалды»: ішкіш күйеуінен таяқ жеген әйел 20 жыл бойы зиратты паналаған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
26.07.2024, 17:59
1096
«Омыртқам сынып, екі аяғым істемей қалды»: ішкіш күйеуінен таяқ жеген әйел 20 жыл бойы зиратты паналаған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Әйел жарты өмірі таяқ жеумен өткенін айтады

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Гүлмира Смайыл алып қашудың құрбаны болған. Ол 20 жыл бойы ішкіш күйеуінен қорлық көріп келген. Бұл туралы KYN.KZ жазды.

Бұл туралы ол Qazaq Airan ютуб-арнасына берген сұхбатында айтты. «Хабар» арнасына Гүлмира Смайылды басынан өткен қиындығын баяндауға шақырған екен. Алайда, күйеуінің келетінін айтпаған.

«Ол жерде өтірік айтты. Бәрін маған жауып, өзін ақ қылып көрсетіп отыр. Айтқан сөздеріне күйіп кеттім. Ішімдегіні сол кезде шығарып алдым. Күйеуімді дым көргім келмейді. Омыртқам, екі аяғым істемей қалды. Сол үйге келеді-ау дегенде ношпа ішіп алып, тамағын істеп беретінмін», - дейді әйел.

Күйеуі алғаш үйленген кездері көп ішпеген. Кейіннен ішкілікке салынып, әйелін ұра бастаған.

«Жетісайда жұмыс істейтінмін. Өзбекстанда тұратын едік. Бір күні ата-анама барғанда мені алып қашып кеткен. Кемпірлер алдыма жатып, қалдырды. Келін болып қалдым. Кейін ақырында күйеуім ішіп кетті. Бойдақ кезінде де ішкен екен. Біріншімді тудым, қойып қалар деп жүре бердім. Енемнің қолында тұрамын. Ол бір ажыратпайтын еді», -дейді Гүлмира.

Әйелдің айтуынша, күйеуінен таяқ жеген кезде бала-шағасымен бірге бейіт басына қашып кетеді екен. Бір күні омыртқасы сынып, аяғынан жүре алмай қалған.

«Мазарға қашып кететін едік. Таң атқанда үйге келеміз. Кешке дейін тағы қашып кетеміз. Ұрады, дастархан басында адам құсап шай іше алмаймыз. Сау болсын, ішкен болсын бәрін лақтырып отырады. 20 жылдан бері адам құсап өмір сүрген жоқпын. Өмірім таяқ жеумен өттім. Көршілерім талай ажыратып алды. Кейін омыртқам сынып, жүре алмай қалдым. Сол кезде балаларымды қорғай алмай қалдым. Бір аяғым істемей қалады. Сөйтіп қашып кетейік деді балаларым. Әйтпесе жүре беретін едім. Соққыдан басым жұмыс істемей қалды. Қиыншылық көріп, қашып, мазарға баратын едік. Тірі адам тиіссе де, өлі тиіспейді ғой деп мазарда түнедік. Сөйтіп Астанаға қашып келдік. Туысқандарыма, ата-анама күйеуімнің ұрғанын ешуақытта айтқан емеспін», - дейді азап шеккен күндерін есіне алған әйел.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)