Елімізде тұрғындар бос уақытын көбіне қайда жұмсайды? Freedom Finance Global компаниясы зерттеді

26.07.2024, 17:10
664
Елімізде тұрғындар бос уақытын көбіне қайда жұмсайды? Freedom Finance Global компаниясы зерттеді bnews.kz

Қазақстандықтардың бос уақыт өткізу түрлерінің арасында кең таралған түрі – кинотеатрларға, музыкалық концерттерге және ойын-сауық саябақтарына бару.

Freedom Finance Global компаниясы Қазақстан Республикасындағы бос уақыт өткізу және ойын-сауық нарығын ауқымды зерттеуге бастама жасады. Зерттеу барысында ойын-сауық индустриясына қатысушылардың объекттеріне және қызметіне, сондай-ақ кейінгі жылы халықтың мінез-құлық артықшылықтарына талдау жасалды. Зерттеу барысында елдегі барлық өңірдің 16 жастан асқан 3 000-нан астам азаматына сауалнама жүргізілді.

Зерттеу барысында бос уақыт өткізудің кең таралған түрі – киноға бару. Кинотеатрға барудың негізгі себебі – респондентті қызықтыратын фильм (54,6%), достарымен (37,6%) немесе балаларымен бар (26,7%) бару. Орта чектің көлемі 2,5 мың теңге. Қазақстанда сеанстың орташа құны Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) деректері бойынша шамамен 1,8 мың теңгені құрайтынын ескере отырып, келушілердің басым бөлігі шағын қосымша сауда жасау (сусындар мен тамақ) топтамасына назар аударады. Респонденттердің арасында АҚШ-та (59%), екінші орында Қазақстанда (30,3%), содан кейін Ресейде шығарылған фильмдер (27,2%) үлкен сұранысқа ие. Қазақстанда шығарылған фильмдерді деректер массиві бойынша 16-24 жас аралығындағы респонденттер (38,6%) және 61 және одан жоғары жастағы (39,7%) респонденттер; Шымкентте (44%) және 50-100 мың тұрғыны бар қалаларда тұратын (44%) респонденттер орташа есеппен алғанда айтарлықтай жиірек таңдап жатады.

Респонденттер аттракциондардың саябақтарына (кейінгі жылы 73,6%-ы барды) үлкен қызығушылық танытады. Оның ең үлкен себебібалаларыменбару (40,7%), содан кейін достарымен немесе туыстарымен уақытты қызықтыөткізу (36,1%) және нақты ойын-сауық саябағына қызығушылық (29,7%). Чектің ең үлкен сомасы тағы да 5 мың теңгені құрап отыр. Респонденттердің ең аз бөлігі1 501-ден 2 000 теңгеге дейінгі (11,7%), ал ең көбі 3 001-ден 5 000 теңгеге дейінгі(24,3%) жауап нұсқасын таңдады.

Респонденттердің басым көпшілігі кейінгі жылы сауда-ойын-сауық орталықтарына барды (87,8%). СОО-ға барудың негізгі мақсаттары сауда жасау (69,5%), демалыс және ойын-сауық (54,8%), СОО-ға туыстарымен/таныстарымен/әріптестерімен кездесу үшін (12,5%) немесе қандай да бір қызметалу үшін (12,7%) сирек барады. Ойын-сауық мақсатында СОО-ға барғандардың,сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі жай ғана қыдырады (59,1%)немесе ойын-сауық орындарына (54,5%) барады.

Респонденттер арасында поп-музыкалық концерттер жоғарытанымалдылыққа ие (36,4%). Классикалық музыкалық концерттер (22,8%), рок-(19,1%), хип-хоп немесе рэп - концерттер (18,9%) және балалар концерттері(17,4%) респонденттерге бірдей қызығушылық тудырады. Музыкалық концерткебару үшін орташа чек 5 мың теңгені құрайды, шетелдік әртістердіңконцерттеріне билеттер 100 мың теңгеден асуы мүмкін екенін ескерсек, бұлсалыстырмалы түрде аз.

Респонденттер көбіне драма театрларын (46%), балалар қойылымдарын(24,5%) және би/музыкалық шоуларды (22,8%) таңдайды. Мұндай мекемелерге барудың ең көп тараған себебі респондентті спектакль (47,6%) қызықтырса, оданкейін достарымен немесе туыстарымен (33%) уақытты қызықты өтізу жәнебалалармен бос уақыт (21,9%) өткізу қызықтырады. Билеттерді көбіне сеансбасталар алдында театр кассасында сатып алып жатады (44%), алайда билетсататын агрегаторлары да (ticketon.kz, zakazbiletov.kz) атап өткен жөн, олар сатыпалу орындары жағынан екінші орынға шықты (20,5%). Театрға бару үшін орташачек 3 мың теңгені құрады.

Кейінгі жылы кітапханаларға тым болмағанда бір рет барғандардыңарасында деректер массиві бойынша орташа есеппен алғанда айтарлықтайкөбірек (51,3%): 25-34 жастағы респонденттер (95,6%); 16-24 жастағы (69,3%)және 35-44 жастағы (56,1%) респонденттер; Шымкент қаласында (61,2%) жәнехалық саны 50-100 мың тұрғынға дейінгі қалаларда (57,8%) тұратындар; кірісіорташа және жоғары субъективті респонденттер («Біз негізгі тұрмыстық техниканы кредитсіз сатып ала аламыз» 55,7% және «Керек болған жағдайда пәтер сатып ала аламыз» - 74,5%).

Мұражайлардың ең жиі баратын түрлері - тарихи (45,2%), өлкетану (25%)және көркемдік (23,9%). Барудың негізгі себептеріреспонденттерді қызықтыратын көрмелер (44,9%), достарымен және туыстарымен бірге бос уақыт өткізу (28,2%) және балаларымен уақыт өткізу (25,7%).

Кейінгі жылы әрбір төртінші қазақстандық Қазақстан бойынша қандай дабір мәдени іс-шараға қатысу мақсатында тым болмағанда бір рет сапарға шықты, бірақ мұндай мақсатпен шетелге сапарға шыққандар айтарлықтай азболды, олардың үлесі 15,7%-ды құрайды.

Респонденттер қандай да бір мәдени шараларға қатысу үшін барған елдердің арасында көшбасшы орында, сөзсіз, Ресей болды (44,7%). Үздік үштіктер құрамына Өзбекстан (19,7%) және Қытай (14%) кірді. Басқа елдердің арасында респонденттер көбіне Түркияны (23,1%), Таиландты (10,3%), Германия менАҚШ-ты (әр жағдайда 7,7%-дан) атап өтті.

«Зерттеу жүргізу кезінде кинопрокаттың айқын статистикасы белгіленді. Біріншіден, кейінгі жылы келушілер саны тарихи ең жоғары деңгейлерге жетті, бұл Қазақстанда бос уақыт өткізудің осы түрінің дамып жатқанын білдіреді. Кинопрокат саласындағы кірістер 11 жыл ішінде 3,7 есеге, яғни 37 миллиардтеңгеге дейін өсті, бұл да тарихи ең жоғары деңгей болып табылады.Екіншіден, фильм түсіру индустриясындағы көрсеткіштер де жақсы, деректерге сәйкес шамамен үштен бір бөлігі жергілікті фильмдерді көреді, бұл сандар респонденттердің жауаптарымен де сәйкес келеді.

Тоқырау көбіне театрларда байқалады, Ұлттық статистика бюросы жүргізген есепке сәйкес, олардың саны 11 жыл ішінде өзгерген жоқ . Сондай-ақ, жаңа қойылымдардың саны да өзгеріссіз қалып отыр. Біз бос уақыт өткізудің«ең отбасылық» түрі деп атаған ойын-сауық саябақтарынан айырмашылығы, театрларды романтикаға толы жер деп атауға болады, олардың респонденттері көбінесе жұптарымен (41,4%) келеді», Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Аңсар Абуев.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады