Алтай Айнабектің жаңбыр жауғызу әдісі Біріккен Араб Әмірліктерінде үш рет сәтсіз аяқталған: БАӘ бас тартуға кеңес берді

Аиса Махамбет Редактор
26.07.2024, 15:50
1159
Алтай Айнабектің жаңбыр жауғызу әдісі Біріккен Араб Әмірліктерінде үш рет сәтсіз аяқталған: БАӘ бас тартуға кеңес берді жеке парақшасынан

Қызылорда облысына түскен жауын-шашынды синоптиктер күні бұрын болжап қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Аралға су толтырамын» деп елге жар салып жүрген Алтай Айнабектің жасанды жаңбыр жауғызу технологиясын әлемнің ғылыми қауымдастығы мойындаған жоқ. Ал өнертапқыш қолданып жүрген иондау әдісі Біріккен Араб Әмірліктерінде үш рет сәтсіз аяқталды. Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтын «Қазгидромет» РМК осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Алтай Айнабек басқаратын International Center of Climate Change Technologies компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген. Қазгидромет бұл компания иондау әдісін қолданатынын атап өтті. Алайда қазіргі таңда аталған технология әлемнің ғылыми қауымдастығы тарапынан мойындалмаған.

Соңғы жылдары интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілерде БАӘ, Иордания және тағы басқа елдерде иондау әдісімен жауын-шашын шақырудың сәтті нәтижелері туралы әртүрлі ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты «Қазгидромет» РМК осы елдердің ұлттық гидрометеорология қызметіне ресми сауал жолдап, иондау технологиясы туралы сарапшылар қорытындысын ұсынуды сұраған.  

«БАӘ Ұлттық метеорология орталығының ресми жауабына сүйенсек, Біріккен Араб Әмірліктерінде 2001, 2006, 2007 жылдары жауын-шашын мөлшерін ұлғайту бойынша жүргізілген үш сынақ та сәтсіз аяқталып, күткен үмітті ақтамады. Табысты нәтижеге қол жеткізілмегендіктен және ғылыми негізделген дәлел болмағандықтан БАӘ-нің жауын-шашын мөлшерін ұлғайту бағдарламасын қарау жөніндегі комитеті қалған ұсыныстардан бас тартты. БАӘ Ұлттық гидрометеорология қызметінің басшылығы «иондау типті сынақтармен айналыспауға» табанды түрде кеңес береді», - дейді Қазгидрометтегілер.

Ал Иорданияның метеорология департаменті аталған технологияны тікелей қолданбаған. Алайда, бақылау желісінің деректері бойынша, соңғы 30 маусымда иондау қолданылмаған кезеңде көп жауын-шашын түскен.

Қазгидромет биыл Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласына жауған жаңбыр табиғи синоптикалық жағдайлармен байланысты екенін және 10 күнге дейінгі дәлдікпен күні бұрын болжанғанын мәлімдеді. Маусым-шілде айларында түскен жауын мөлшері орташа көпжылдық нормаға жақын және төмен болған.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады