1493

«Акценті білініп қалды»: Сәкен Майғазиевтің әйелі орысша жаңылтпаш айтып, жұртты күлдірді

ҚР Мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара желіде жаңылтпаш айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

«Акценті білініп қалды»: Сәкен Майғазиевтің әйелі орысша жаңылтпаш айтып, жұртты күлдірді
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі көлікте әйелімен бірге келе жатып, оған орыс тілінде жаңылтпаш айтуды ұсынады. 

“Жаңылтпаш. Үйде немесе көлік кептелісінде тұрғанда қайталауға болады”, – деп күлді әнші. 

Желі қолданушылары әншінің әйелі орысша сөйлегеніне күліп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

“Акценті қатты білініп қалыпты”, “Орысша сөйлемейтін адам екені көрініп тұр”, “Дауыс ырғағынан-ақ қазақы әйел екенін байқатты”, “Керемет жаңылтпаш екен”, “Кептелісте іш пыспайтын болды”, “Үлкен қызынан аумайды”, “Жаңылтпашты жылап отырып айтты ма?”, “Күлгеннен ішегім түйілді”, “Тілі бәрібір келмейді, бекер қиналып отыр”, – деп жазды желі қолданушылары.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор