Майқайың ауылындағы шұңқырдан соңғы мәйіт шығарылды

26.07.2024, 13:50
933
Майқайың ауылындағы шұңқырдан соңғы мәйіт шығарылды Asaiyn Baikhanov

«Майқайың» кенішінде болған апатқа жарты жылдан асты.

Алып шұңқырда тас пен топырақ астында қалған төрт құтқарушының соңғысының мәйіті енді табылып отыр. Мәйіттерді іздеу жұмысының созылып кетуіне топырақтың опырылу қаупінің сейілмегені себеп болды. Қауіп-қатерге қарамай, іздестіру жұмысы мейлінше тездетілгеннің өзінде жеті айға жуықтады. Мәйіттердің екеуі басында-ақ табылған, біреуі 19-шілдеде табылды. Ал соңғы төртіншісі шұңқырдан кеше, 25-шілде күні 75 метр тереңдіктен шығарылды.

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың» кеніші аумағында құтқарушылар отырған автобус шахта маңындағы шұңқырға 4-қаңтар күні түсіп кеткен. Автобуста үш құтқарушы мен бір жүргізуші болған еді. Түн ішінде жер өздігінен опырылып, орны лезде үлкен шұңқырға айналған. Құтқарушылар мінген автобус жүргізушісі тежегішті басқанымен қайран болмаған. Автобус шұңқырға тас пен топырақпен бірге құлап, үйінді астында қалған.

Бұл қайғылы оқиғадан үлкен дау-дамай туындады. Қайғының алдын алу мүмкін еді делінеді. Жер опырылғанда гүрілдеген, тарсылдаған дыбыстартарайды, шаң көтеріледі. Осыны кен өндіруші компанияның күзетшілері деркезінде ескеріп, жолдарды жабу шарасына кіріспеген болса керек. Компания жауапкершіліктен қашқақтағысы келгенімен, апатқа ұшыраған құтқарушылардың өздеріне кінә артудың қаншалықты жөн немесе жөнсіз екенін кім білсін.  

Қаңтардың соңында арнайы комиссия «Майқайыңалтын» компаниясының жауапты тұлғалары өндіріс жұмысын тиісті дәрежеде ұйымдатырмаған және тау-кен жұмыстарын жүргізген кезде қауіпсіздік талаптарын қадағаламаған деп тұжырымдаған. Компания мұны жоққа шығарып, комиссияның актісін дауламақ болған. Астананың әкімшілік соты комиссияның қорытындысын растаған.

Таратылған ақпараттарда бақылау камерасының видеосында топырақ түнгі 00:58-де опырыла бастағаны байқалатыны айтылған. «Қалың шаң көтеріліп, гүрсілдеген дыбыс шыққан. Оны маңайдағы мекеменің күзет қызметкері көрген. Видеода күзетші жағдайды көре тұра басқа жаққа кетіп қалғаны көрінеді. Ал опырылған жердің көлемі үлкейе береді. Бірақ енді болған оқиғаға ешкім жауапкершілік алғысы келмей отыр» делінген.

Тау жыныстары опырылуы мүмкін екеніне қарамастан іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатқан. Автобуытың өзі бейсенбі күні табылған. Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында: «24-шілдеде кешке қазу жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылды. Жаңбыр мен жел жағдайында және опырылу қаупі сейілмегендіктен жұмыс өте сақтықпен жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстары бүгін таңғы сағат 5:00-те қайта жалғасты. Қазіргі кезде көліктің алдыңғы бөлігіне жеттік, оның бет жағынан бампер мен дөңгелек көрінеді» делінген.  

Арнайы комиссия «Майқайыңалтынның» әрекетсіздігі құтқарушылардың өліміне алып келді деген. Төтенше жағдай шахта аузындағы бақылау-өткізу пунктіне тиесілі күзет үйі жанында болған екен. Комиссияның қорытындысында: «Топырақтың жоғарғы қабатының және содан кейін шахтаның тазарту аймағының құлауына сол жерде пайда болған қуыс себеп болған. Қуыстың орнын толтыру компанияның міндеті еді. Жауаптылардың қатарында бас директор, оның орынбасарлары, директорлар, бас инженер және бас маркшейдер бар. Құтқарушылардың кінәсі жоқ» делінген.

Комиссияның қорытындысында компания қауіпсіздік талаптарын елемегені және топырақтың опырылуының да, адам өлімінің де алдын алуға болатыны келтірілген. Құтқарушылардың қаза болғанына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Алтын өндіретін компания комиссияның қорытындысымен келіспей, қайғылы оқиғаға құтқарушылар тобы кінәлі деген уәж айтқан екен. Сотта компания өкілдері құтқарушыларға түтін шығып жатыр деп емес, гүрсілдеген дауыс шықты, тас құлады деп қоңырау түскен деген. Ал диспетчер сол күні құтқарушыларға гүрсілдеген дауыс пен қара түтін туралы хабарладым деген.  Компанияның бас директоры болса диспетчер маған бір жарқыл көрдім, түтін шықты, шаң көтерілді, электр жарығы өшіп қалды деп хабарлады деген. Бұл сөздер компания өкілдерінің құтқарушылардың өздері кінәлі деген уәжін жоққа шығарады. Сот «Құтқарушыларға тас құлап жатқаны туралы неге хабарланбады?» деген сұраққа сол күйі жауап ала алмады делінген таратылған хабарларда.

Майқайың ауылы Павлодар облысы Екібастұз қаласынан бір сағаттық жерде орналасқан. Шамамен тоғыз мыңға жуық адам тұрады. Онда алтын, көмір кен орындары бар. Ауылдың маңы көмір ойықтары мен алтын өндіретін шахталарға толы.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)