Реформа: Мемлекет ғылым-білімді мықтап қолға алып жатыр

26.07.2024, 13:27
1096
Реформа: Мемлекет ғылым-білімді мықтап қолға алып жатыр wikimapia.org

Мемлекеттің өркендеуінде ғылымның маңызы ерекше. Ғылыммен байланысы жоқ бірде-бір сала немесе ірі жобалар болмауы керек. Қандай шешім болмасын жеке адамның ұйғарымымен немесе дауысқа салынып емес, ғылым-білімге сүйеніп қабылдануы тиіс деген көзқарас бар. Ал мұның дұрыс екенінде күмән жоқ.

Қазақстанда ғылым-білімді күшейту бастамасы қолға алынған сыңайлы. Президент Ұлттық Ғылым академиясының құрамын толық жаңартуды ұйғарыпты. Ұлттық Ғылым академиясының құрамында бүгінде 158 академик болса, соның бәрі президенттің шешімімен таратылды. Ғылым академиясын қайтадан жасақтау жұмысы жүріп жатыр.

Ұлттық Ғылым академиясына қатысты болып жатқан мұндай өзгерістер жайлы және президенттің шешімімен жаңа Ғылым академиясы құрылғанын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Бұрынғы академиктер Ғылым академиясындағы лауазымдарынан айырылды. Әзірге жаңа Ұлттық ғылым академиясына  тоғыз жаңа академик тіркеліпті. Жаңадан құрылған Ғылым академиясына академиктерді қабылдап тіркеу кезең-кезеңмен жүргізіледі. Яғни Ғылым академиясының жұмысы қайта реттеуден өткізіліп жатыр.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

«Өткен жылы президенттің шешімімен жаңа ғылым академиясы құрылды, бірақ басқа мәртебеге ие болды. Ол президент жанын құрылып, мемлекеттен қаржыландырылады. Жаңа Ғылым академиясына сайлау өтіп, 9 адам кірді. Тамыз-қыркүйек айларында сайлаудың жаңа циклі өтіп, бірте-бірте мықты ғалымдар жаңа Ғылым академиясына қабылданады. Ескі академия ғалымдарының бір бөлігі шынымен де мықты болды, байқаудан кейін олар жаңа академияға ауысады. Академиктердің бір бөлігі дайындалып жатыр. Байқау кезең-кезеңімен өтеді».

Министрдің айтуынша, реформаға дейін Ұлттық Ғылым академиясының құрамында болған академиктердің мәртебесі жойылған. Бұрынғы тізімде 158 академик болған. Бұрынғы Ғылым академиясының мүшелері жаңа академияға мүше болып, академик мәртебесін алу үшін байқауға қатыса алады. Ал академияларды ескі немесе жаңа деп шатастырмау үшін бұрынғы академия таратылған.

Міне, Ұлттық Ғылым академиясында осындай реформа басталыпты. Енді ғылымдағы нағыз мықтылар сайдың тасындай болып іріктелсе керек. 158 академиктің ішінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туыстарынан бірер адам да бар екен. Бұдан бөлек, тізімнің бірнеше жерінен фамилиялары бірдей академиктерді көруге болады. Дегенмен, мәселе академиктердің қатарында бұрынғы президенттің немесе бір-біріне жақын фамилиялас адамдардың болуында емес. Ғылым академиясын реформалау уақыт талабына байланысты қалыпты жағдай. Мысалы, соңғы екі-үш жылда Ғылым академиясында бірнеше өзгеріс жасалды. 2022 жылдың желтоқсанынан Академия толық мемлекет қамқорлығына алынды. Яғни жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Осылайша, Ғылым академиясының мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Ал 2023 жылдың наурызында Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

Ұлттық ғылым академиясыҚазақстанның жоғары ғылыми мекемесi, оның басты міндеті барша  ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіреді. Соның ішінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындайды. Ғылым мен технологияларды дамытудың бағыттарына талдау жүргізеді, қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді, тағы басқа міндеттерді атқарады.

Жалпы, осы күнгі Ғылым академиялары сияқты ұйымдар ғылым пайда болғаннан бері бар деп жатады. Яғни мұндай ұйымдар біздің дәуірімізден бұрын пайда болған екен. Ал ондай ұйымға академия атауы 15-16 ғасырларда Еуропада пайда болды. Қазір барлық дерлік мемлекеттерде Ғылым академиялары жұмыс істейді.

Біздің Ғылым саласындағы бүгінгі реформа жемісті болғай.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды