Ұтқан көлігін ала алмай жүр: Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевке алданған халық құзырлы органдардан көмек сұрады

Аиса Махамбет Редактор
04.05.2024, 19:16
752
Ұтқан көлігін ала алмай жүр: Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевке алданған халық құзырлы органдардан көмек сұрады ашық дереккөзден

Не міндетін орындамайды, не ақшаны қайтармайды деп ашуланды астаналық кәсіпкер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевке алдандық деген бір топ адам құзырлы органдардан көмек сұрап, "Көреміз" бағдарламасына келді. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Бағдарламаға келген жәбірленушілер жарнамасы жер жарған, құны 10 миллион тұратын тренингтері өтпегеніне наразы. Ең қызығы, бизнес бастаудың қыр-сырын үйретемін деп ақша жинап алған коуч-бизнесмен хабарсыз кеткен. Тренингте ойнатылған автокөлік те иесіне берілмеген.   

"Тренингке қатысып, көлік ұтып алдым. Алайда көлікті бермеді. "Заңгеріміз шетелде жүр, 20 күннен соң келеді, сізді шақыртамыз. Сол кезде қол қойып, алып кетесіз" деді. 20 күн емес, екі ай өтті. Одан кейін де хабарластым, әлі жоқ. Тренингке қатысуға 3 млн теңге жұмсадым. "Көлікті ұттың, бұған ақша төлемесең болмайды" деген соң несие алып, тағы ақша төледім. Талабым – көлікті берсе деймін. Аманжол Рысмендиев "мені жарнамалап, ауылдарыңа айтыңдар" деді. Біз оның айтқанын орындадық. Қаншама адамды сабаққа шақырдық", – деді Бақытнұр Құдайбергенова. 

Астаналық кәсіпкер Алмас Керімқұл Аманжол Рысмендиевтің 10 млн теңге тұратын жеке кеңесіне жазылған. Алайда танымал бизнес-тренер келісімшартта көрсетілген тиісті міндетінің ешбірін орындамаған. Бүгінде ол бизнес-тренерден 13 млн теңге ақшасын қайтара алмай жүр.

"Жеке кеңесте бір жыл көлемінде қасыңда болып, ақыл-кеңесін беріп отырады. Белгілі бір деңгейге шығару керек. Соны міндеттеп алып, өзіне жауапкершілік алады. Ал Аманжол Рысмендиев өз міндетін атқармады. Негізі оның курсы 10 млн-40 млн теңгенің арасында. Тек бір мәрте жолықтық. Одан кейін көрмедім. Әлеуметтік желідегі парақшасына да, байланыс нөміріне де жаздым. Мені блоктап тастады. Не міндетін орындамайды, не ақшаны қайтармайды”, – деп ашуланды астаналық кәсіпкер. 

Кәсіпкер Аманжол Рысмендиев мән-жайға қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді.

"Достар, кеш жарық. Өздеріңіз көргендей, ақсақты тыңдай, өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай етіп керемет эфир жасап жатыр. 100% бәрі өтірік демеймін. Арасында шындығы да бар. Кейбір жауапкершіліктерді уақытында өткере алмадық. Бірақ оның барлығы реттеледі. Сондықтан  уайымдамаңыздар. Ал мені жаман көргісі келгендер сіздің де бүгін үйлеріңізде той болсын. Десе де, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Мына өмірде Құдай-ау, кім қарызданбай, кім қателеспей жатыр? Барлық нәрсені орнына қоятын нәрсе, ол – уақыт", – деп жазды кәсіпкер.

«Санасыз еркектер кездеседі»: Айшолпан Байтүгел қоғамдағы қыз рөліне қатысты жанайқайын айтты (ВИДЕО) Кірпіні доп қылып ойнаған Ақтөбе тұрғындарының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО) Астанада 2 мыңнан астам адам аутист балаларды қолдап, қайырымдылық марафонына қатысты Биыл Атыраулық түлектерге 1200 мақсатты білім беру гранттары бөлінген «Ісім сендермен болсын». Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото) «Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады»: желіде дау туғызған мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарды «Көп әйел алу заңға қайшы»: министрлік өкілдері Алматыдағы «тоқал» туралы даулы жарнамаға қатысты (ВИДЕО) Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (ВИДЕО) «Басымнан үш рет ұрды»: Астаналық алимент төлемеу үшін бұрынғы әйелін өлтіруге киллер жалдаған (ВИДЕО) Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды? Димаш Құдайберген Президент тарту еткен тазыны көрсетті Бетперде таққан жігіт жертөледе тұратын тағы бір отбасыны қуантты (ВИДЕО) Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 18 мамырға ауа райы болжамы жарияланды «Бұл туралы ешқашан айтпағанмын»: Баян Мақсатқызы экс-күйеуінен көрген қорлығы туралы бар шындықты айтты «Арамызда ақша жүрмейді»: Садраддин мен Қайрат Нұртасқа хит жазған сазгер жайлы не білеміз (ВИДЕО) Қайраттың әндеріне 1 миллион, Шәмшінің хиттеріне 22 мың теңге: Қалдаяқовтың келіні композитордың әндеріне төленетін мардымсыз ақы туралы айтты Журналист Сандуғаш Дүйсенова шешіндіріп видеоға түсірген полицейлерден 100 мың теңге өндіріп алады “Дженифер Лопес жолда қалды”: Аяғы ауыр Мақпал Исабекова желіде фотосессия кадрларын жариялады «Шариғат көп әйел алуды құптамайды»: Құран аудармашысы Қазақстандағы тоқал алу туралы мәлімдеме жасады "Бұрынғы әйеліме сана берсін": Әкім Ринат Ибрагимов жұбайының азаптағаны туралы айыптауларға қатысты пікір білдірді