"Бұрынғы әйеліме сана берсін": Әкім Ринат Ибрагимов жұбайының азаптағаны туралы айыптауларға қатысты пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
17.05.2024, 17:55
963
"Бұрынғы әйеліме сана берсін": Әкім Ринат Ибрагимов жұбайының азаптағаны туралы айыптауларға қатысты пікір білдірді коллаж smartnews.kz

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов экс-әйелінің айыптауларына жауап беріп, өзіне жала жабылды деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шенеунік Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелінің айтқан пікірін орынсыз деп отыр.

“Бұрынғы әйелімнің тарапынан маған тағылған айып БАҚ-та тарап кетті. Жеке өміріме қатысты пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Ал бұрынғы әйеліме сана берсін деймін. Ол соңғы жайттарға байланысты түрлі видеоны қарап алып, менің жұрт алдында жүргенімді біліп, осындай мәлімдеме жасаған болуы керек. Ортақ балаларымыз – екі қызымыз менімен тұрады. Бұл қыздарымның және соттың шешімі. Ұрып-соғуға қатысты – қазір сот процесі жүріп жатыр, БАҚ өкілдерінен асығыс шешім қабылдамауды сұраймын”, – дейді аудан әкімі.

Ал Атырау облысының әкімдігі аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлады.

Еске салайық, Атырау тұрғыны Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, оған қоса қазір Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметін атқарып жүрген Ринат Ибрагимовқа қатысты мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі 11 жыл бойы ұрып-соққан, балаларын тартып алған.

 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)