Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (ВИДЕО)

18.05.2024, 12:32
1017
Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

«Бестфуд» компаниясының құрушысы Рамазан Баталов Бас прокуратураға жүгінді. Айтуынша, Алматы облысы Экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы тергеушісі Талғат Айтжановтың туыстары әйгілі франшизаның кофеханасын рейдерлік жолмен тартып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Баталов экс-тергеушінің әйелі, анасы және ағасы қарыздарың бар деген сылтаумен кофехана құлпын бұзып, мекемеге кіріп, қызметкерлерді қуып, кәсіпті күштеп тартып алғанын айтты. 

"Полицияға шағымдандым. Тергеудің жүріп жатқанына 6 ай болды. Қазір бизнеске келтірілген шығынды анықтау үшін сот-экономикалық сараптама тағайындалды. Алайда Бостандық ауданының прокуратурасы істі тергеуге кедергі жасап, оны тоқтатуға тырысып жатыр", – дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ Рамазан Баталов қазір отыз адамның жұмыссыз қалғанын жеткізді.

"Біз адал кәсіпкерміз. Заң аясында жұмыс істеп, барлық салықты төлеп, бизнесті кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Қазір үлкен шығынға ұшырадық. 30-ға жуық адам жұмыссыз қалды. Ал бұл заңсыздыққа кінәлілердің құқық қорғау органдарында танысы бар және жазаланбайтынына сенімді. Құрметті Берік Ноғайұлы, сізден заңның үстемдігі мен құқықтарының қорғалуының кепілі ретінде осы мәселеге назар аударуыңызды сұраймын! Бұрынғы шенеуніктер қашанға дейін жазасыз жүреді. Көмектеріңізге үміт артамыз!", – деді Баталов. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды