«Арамызда ақша жүрмейді»: Садраддин мен Қайрат Нұртасқа хит жазған сазгер жайлы не білеміз (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
17.05.2024, 21:12
1374
«Арамызда ақша жүрмейді»: Садраддин мен Қайрат Нұртасқа хит жазған сазгер жайлы не білеміз (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Соңғы уақытта Садраддин мен Қайрат Нұртасқа хит ән жазып жүрген сазгер Ильхам Ихсан "1001 түн" бағдарламасына қонаққа келді. Әнші сұхбат барысында өз туындыларынан құралған поппуриді орындап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ эстрадасында ойып орын алар әнші Қайрат Нұртас әрдайым трендте. Сахнаға шыққанына 20 жылға жуық уақыт болған өнер иесі қазірдің өзінде жастардың талғамына сай ән жазуын тоқтатар емес. Ал бүгінде тыңдарманның сүйіктісіне айналып, әр туындысын үздіктер қатарына енгізетін әнші Садраддин екені айтпаса да түсінікті. 

Осы тұста көпшілік хит әндердің жарыққа шығуына үлес қосқан жандарды назардан тыс қалдыратыны өтірік емес. Ал "1001" түн бағдарламасына қонаққа келген Ильхан Ихсан хиттің артында сазгер мен ақынның ауыз толтырып айтарлық еңбегі тұрғанын дәлелдеді.

Ол сұхбат барысында трендке шыққан "Сен менің адамымсың", "Аман болшы, сүйгенім", "Қанша күн?", "Мақта қыз", "Неге арман?" , "Марс", "Ол ару" әнін орындап берді.

Сазгерлік қырын әлемдік пандемиядан кейін танытқан Ильхан Ихсан хит әндерді өзі орындамағанына еш өкінбейтінін атап өтті.

"Бұл әндерді сол әншілерге арнайы шығарғанмын. Ешқандай өкініш жоқ. Арамызда ақша да жүрмейді. Бәрі достарым. Өздері кейін рахмет айтады. Ақшалай болмаса да, сыйлықтары бар. Өзім Мейрамбек Бесбаевқа ән жазғым келеді немесе дуэт айтсам деймін", - дейді сазгер. 

Айта кетейік, қазан айында Алматыда Ильханның жеке концерті өтеді. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ал аталған хит әндердің орындаушылары концертке қатысады.

Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек?